Samsung HW-Q990C [108/114] Бағдарламалық құрал жаңартуы

Samsung HW-Q990C [108/114] Бағдарламалық құрал жаңартуы
KAZ - 32
Кескінде көрсетілгендей, Soundbar құрылғысының ортасын теледидар
ортасымен туралаңыз, Soundbar құрылғысын теледидар тірегіне абайлап
орналастырыңыз.
Бұл кезде микрофондарды тіректің алдына дауыс тануға кедергі
жасамайтындай етіп орналастырыңыз.
Soundbar құрылғысының оң жақ шеті
ЕСКЕРТПЕ
Soundbar құрылғысын міндетті түрде тегіс және қатты бетке қойыңыз.
Теледидармен арадағы бос орынның жеткіліксіз болуы дауыс тану және
акустика мәселелеріне себеп болуы мүмкін.
Жоғарыдағы сурет тиісті модельге қарай өзгеше болады.
11 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ
ЖАҢАРТУЫ
Автоматты түрде жаңарту
Soundbar құрылғысы интернетке қосылған кезде, Soundbar құрылғысы
өшірілген болса да, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту автоматты түрде
жүзеге асырылады.
Автоматты түрде жаңарту функциясын пайдалану үшін, Soundbar
құрылғысы интернетке қосылып тұруы керек.
Soundbar құрылғысының қуат сымы ажыратылса немесе қуат өшірілсе,
Soundbar құрылғысына қосылған Wi-Fi желісі ажыратылады. Егер қуат
көзінен ажыратылған болса, қуат қайта қосылған кезде немесе қуат сымын
қайта жалғаған кезде, Soundbar құрылғысын іске қосып, содан кейін оны
интернетке қайта қосыңыз.
USB арқылы жаңарту
Soundbar құрылғысының астыңғы жағы
SERVICE
ID SET
(WOOFER,
REAR)
NETWORK
SERVICE
ID SET
Болашақта Samsung компаниясы Soundbar жүйесінің микробағдарламасы
үшін жаңартуларды ұсынуы мүмкін.
Жаңарту қолжетімді болғанда, Soundbar құрылғысының SERVICE портына
микробағдарлама жаңартымын қамтитын USB дискісін жалғау арқылы
Soundbar құрылғысын жаңартуға болады.
1. Samsung веб-сайтына (www.samsung.com) өтіңіз → клиенттерге қолдау
көрсету мәзірі опциясында үлгі атауын іздеңіз.
Жаңарту туралы Қосымша ақпаратты жаңарту нұсқаулығынан қараңыз.
2. Жаңарту файлын (USB түрі) жүктеп алыңыз.
3. Файл атауы бар қалтаны жасау үшін файлды мұрағаттан шығарыңыз.
4. Жасалған қалтаны USB жадында сақтап, содан кейін оны Soundbar
құрылғысына қосыңыз.
5. Soundbar құрылғысын қосыңыз. Одан кейін “UPDATE” хабары көрсетіліп,
өнім 3 минут ішінде жаңартылады.
Жаңарту барысында оны өшірмеңіз немесе USB құрылғысын алып
тастамаңыз.
Егер дисплей терезесінде “UPDATE” хабары көрсетілмесе, қуат сымын
Soundbar құрылғысынан алып тастап, оны қайта жалғаңыз.
Ең соңғы нұсқа орнатылғанда, жаңарту орындалмайды.
USB түріне байланысты жаңартуға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать