Samsung HW-Q990C [79/114] Сақтық шаралары

Samsung HW-Q990C [79/114] Сақтық шаралары
KAZ - 3
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Үйіңіздегі айнымалы ток қуат көзінің сіздегі өнімнің астында орналасқан
идентификациялық стикердегі тізімде көрсетілген қуат талаптарына сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Өнімді көлденеңінен, ыңғайлы бетке (жиһазға),
желдету үшін айналасында жеткілікті шамада орын (7-10 см) болатындай
етіп орнатыңыз. Желдету науаларының жабылмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны күшейткіштердің немесе қызып кетуі мүмкін басқа жабдықтың
үстіне қоймаңыз. Аталған құрылғы үздіксіз пайдалану үшін жасақталған.
Құрылғыны толығымен өшіру үшін, АТ ашасын қабырға розеткасынан
ажыратыңыз. Егер құрылғыны ұзақ мерзімге қолданбайтындай етіп
қалдыратын болсаңыз, оны розеткадан ажыратыңыз.
2. Найзағай кезінде айнымалы ток ашасын қабырға розеткасынан
ажыратыңыз. Найзағай себебінен кернеу шыңдары құрылғыны зақымдауы
мүмкін.
3. Құрылғыны тікелей күн сәулесі не басқа жылу көздерінің астына қоймаңыз.
Бұл құрылғыны қатты қыздырып, оның бүлінуіне апарып соғуы мүмкін.
4. Өнімді ылғалдан (мысалы, вазалардан) және тым қызып кетуден (мысалы,
каминнен) немесе күшті магниттік немесе электрлік өрістерді шығаратын
жабдықтардан қорғаңыз. Құрылғы жұмысында ақаулықтар туындаса,
қуат кабелін АТ қабырға розеткасынан ажыратыңыз. Өніміңіз өнеркәсіптік
қолданысқа арналмаған. Ол тек жеке қолданысқа арналған. Өнімді суық
температураларда сақтаған жағдайда, конденсация пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны қыс кезінде тасымалдаған болсаңыз, пайдалану алдында
құрылғы бөлме температурасына жеткенше 2 сағаттай күтіңіз.
5. Бұл өніммен бірге қолданылатын батареяның құрамында қоршаған ортаға
зиянды химиялық заттар бар. Батареяны тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны тым жоғары жылудың, тікелей күн сәулесінің немесе оттың
әсерінен қорғаңыз. Батареяларды ешқашан қысқа тұйықтамаңыз,
бөлшектемеңіз немесе тым қыздырып жібермеңіз.
ЕСКЕРТУ: Егер батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылыс қаупі туындауы
мүмкін. Дәл сондай немесе оған ұқсас батареямен ауыстырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать