Samsung HW-Q990C [92/114] Егер сіз баптау процесін орындаған болсаңыз

Samsung HW-Q990C [92/114] Егер сіз баптау процесін орындаған болсаңыз
KAZ - 16
Auto EQ
Samsung компаниясының Auto EQ технологиясы сабвуфердегі микрофон арқылы анықталған төмен жиілікті калибрлеу арқылы табиғи және жұмсақ бассты
қамтамасыз етеді. Төмен жиілік әдетте бөлменің өлшеміне және сабвуфердің орналасуына байланысты пайда болады.
Сабвуфер қабырғалардан, жиһаздардан немесе басқа арақабырғалардан кемінде 8 см алыс орналасқанына көз жеткізіңіз.
Auto EQ теңшеуін орындау кезінде бөлмені барынша тыныш ұстауыңыз керек.
Auto EQ теңшеуі аяқталғанға дейін өнімді өшірмеңіз.
Auto EQ баптауы шамамен 2 минутқа созылады.
Auto EQ баптауы кезінде Soundbar құрылғысының негізгі құрылғысынан және артқы колонкаларынан дыбыс шықпайды.
Егер сіз функцияны бірінші рет пайдаланып жатқан болсаңыз
1. Auto EQ таңдалғанша, (Дыбысты басқару) түймесін басыңыз.
2. Tuning параметрін таңдау үшін Жоғары/Төмен түймелерін басып, түймесін басыңыз.
3. Баптау басталып, орындалу барысы пайызбен көрсетіледі.
Баптаудан бас тарту үшін Жоғары, Төмен, Сол жақ, Оң жақ немесе түймесін басыңыз, одан кейін растау үшін түймесін басыңыз.
Егер баптау орындалмаса, ЖШД қызыл түспен жыпылықтайды.
Егер баптау орындалса, ЖШД көк түспен жыпылықтайды.
Егер сіз баптау процесін орындаған болсаңыз
1. Auto EQ таңдалғанша, (Дыбысты басқару) түймесін басыңыз.
2. Tuning параметрін таңдау үшін Жоғары/Төмен түймелерін басып, түймесін басыңыз.
3. Келесі опциялардың бірін таңдау үшін Жоғары/Төмен түймелерін басыңыз.
On: бұрын бапталған EQ параметрлерін іске қосыңыз.
Off: әдепкі EQ параметрлерін іске қосыңыз.
Tuning: баптау процесін қайта бастатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать