Samsung HW-Q990C [95/114] Bt pairing

Samsung HW-Q990C [95/114] Bt pairing
KAZ - 19
Bluetooth арқылы қосылу
Samsung теледидары Bluetooth арқылы қосылған кезде, стерео дыбысты кабельдерді қоспай тыңдауға болады.
Бір уақытта тек бір Samsung теледидарын жалғауға болады.
Bluetooth қолдайтын Samsung теледидарын жалғауға болады. Теледидардың техникалық сипаттамаларын тексеріңіз.
PAIR
5 Sec
НЕМЕСЕ
Soundbar құрылғысының үстіңгі жағы
BT PAIRING
Бастапқы қосылым
1. BT PAIRING» режимін енгізу үшін Soundbar қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз.
(НЕМЕСЕ)
a. Үстіңгі панельдегі
(Көп функция) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” параметрін таңдаңыз.
BT” режимі “BT PAIRING режиміне бірнеше секунд ішінде автоматты түрде ауысады немесе қосылу жазбасы бар болса, “BT READY” режиміне
ауысады.
b. BT READY хабары көрсетілгенде, Soundbar құрылғысының үстіңгі панеліндегі (Микрофон қосулы/өшірулі) түймесін 5 секундтан артық басып
тұру арқылы “BT PAIRING параметрін көрсетуге болады.
2. Samsung теледидарында Bluetooth режимін таңдаңыз.
(мысалы, Басты ( ) → Мәзір → Баптаулар ( ) → Барлық баптаулар ( ) → Дыбыс → Дыб.шығысы → Bluetooth динамиктері тізімі → Soundbar Q***B (Bluetooth))
3. ТД экранындағы тізімнен “Soundbar Q***B” тармағын таңдаңыз.
Қолжетімді Soundbar құрылғысы теледидардың Bluetooth құрылғылары тізімінде Жұптастыруды қажет етеді немесе “Жұптастырылған” деген жазумен
көрсетіледі. Samsung теледидарын Soundbar құрылғысына қосу үшін хабарды таңдап, байланыс орнатыңыз.
Samsung теледидары қосылған кезде, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплейінде [ТД атауы] → “BT” көрсетіледі.
4. Енді Samsung теледидарының дыбысын Soundbar құрылғысынан тыңдауға болады.
Soundbar құрылғысын Samsung теледидарына алғаш рет қосқаннан кейін қайта қосу үшін BT READY режимін пайдаланыңыз.
Құрылғы қосылмаған жағдайда
Егер Samsung TV колонкалар тізімінде Soundbar құрылғысы (мысалы, Soundbar Q***B) болса, оны жойыңыз.
Содан кейін 1-3 қадамдарын қайталаңыз.
Samsung теледидарынан Soundbar құрылғысын ажырату
Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы (Көп функция) түймесін немесе қашықтан басқару пультіндегі (Көз) түймесін басу арқылы “BT” режимінен
басқасын таңдауға болады.
Samsung теледидары Soundbar құрылғысынан жауап алуы қажет болғандықтан, ажырату біраз уақытты алады.
(Samsung теледидарының үлгісіне байланысты қажетті уақыт әртүрлі болуы мүмкін.)
BT READY және BT PAIRING арасындағы айырмашылық неде?
BT READY: Бұл режимде бұрын жалғанған кез келген Samsung теледидарын немесе мобильді құрылғыны қайта жалғауға болады.
BT PAIRING: Бұл режимде Soundbar құрылғысына жаңа құрылғыны жалғауға болады.
(“BT" режимінде болғанда, Soundbar қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы
(Микрофон қосулы/өшірулі) түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз.)
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да
электрмагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать