Samsung MG23K3575AK/BW [112/192] Пешті іске пайдалану

Samsung MG23K3575AK/BW [112/192] Пешті іске пайдалану
16Казақ
Пешті іске пайдалану
Пешті іске пайдалану
Келесі кестеде шамамен 15 алдын ала бағдарламаланған пісіру функциялары үшін үстелге тарту
мөлшері және тиісті нұсқаулар берілген. Бұл бағдарламалар микротолқын және қызу толқынымен
гриль жасау функцияларын бірге қолданғанда жұмыс істейді.
МАҢЫЗДЫ
Тағамды алған кезде тұмшапеш қолғабын киіңіз.
Код/Тағам
Үстелге
тарту
мөлшері
Нұсқаулар
1
Үйде жасалған
көкөніс гратині
600 г
Құраластар
400 г көкөніс (мысалы, кәді, қызанақ, картоп, пияз,
тәтті бұрыш), 75 мл қаймақ, 25 г көпіршітілген бүтін
жұмыртқа, тұз, бұрыш, 75 г үккіштен өткізілген
моцарелла ірімшігі, шай қасық балдыркөк немесе
розмарин
Тәсіл
Көкөністерді шайып, 3~5 мм қалың етіп тураңыз.
Гратин тағамдарын шамамен 14x22 см етіп қаттап
салып, қаймақты, жұмыртқаны, тұзды, бұрышты
араластырып, үстіне құйыңыз. Үгілген ірімшікті
үстіне себіңіз. Ыдысты бұрылмалы табақтың үстіне
қойыңыз.
Бірнеше жас тимьян жапырақтарын салып, үстелге
тартыңыз.
Код/Тағам
Үстелге
тарту
мөлшері
Нұсқаулар
2
Қолдан жасалған
лазанья
550 г
Құраластар
150 г тартылған сиыр еті, 100 г қызанақ тұздығы,
50 мл сиыр етінің сорпасы, 75 г кептірілген лазанья
жаймалары (4 жайма), ½ пияз (туралған),
әрқайсысынан 1 шай қасықтан кепкен балдыркөк,
орегано, базилик, 100 г үккіштен өткізілген
моцарелла ірімшігі, 1 ас қасық зәйтүн майы
Тәсіл
- Етке арналған қызанақ тұздығы
Майды табаға құйып қыздырып, содан кейін
тартылған ет пен пиязды шамамен 10 минут әбден
қызарғанша пісіріңіз. Үстіне қызанақ тұздығын және
сиыр етінің сорпасын құйып, кептірілген шөптерден
салыңыз. Бұрқ еткізіп қайнатып, содан кейін
10 минут баяу қайнатыңыз.
- Лазанья
Лазанья жаймаларын орамындағы нұсқауларға
сай пісіріңіз. Лазанья жаймасын, ет тұздығын және
ірімшіктің жартысын гратин ыдысына шамамен
14x22 см қалың етіп салып, содан кейін қайталаңыз.
Содан кейін қалған моцарелла ірімшігін үстіңгі
жайма қабатына біркелкі таратып салыңыз. Ыдысты
бұрылмалы табақтың үстіне қойыңыз.
3
Ірімшік қосылған
картоп пісірмесі
500 г
(2-3 дана)
Құраластар
2-3 картоп, тұз, бұрыш, 2 ас қасық зәйтүн майы, 50 г
үккіштен өткізілген моцарелла ірімшігі
Тәсіл
Картоптарды сүртіп, ұзына бойымен жартылап
кесіңіз. Картоптарды тұз, бұрыш және өсімдік
майымен дәмдеңіз. Үгілген ірімшікті үстіне себіңіз.
Картоптарды торға қойыңыз.
MG23K3575AS_BW_DE68-04403T-01_RU+UK+KK+UZ.indb 16 2017-02-01  2:13:46

Содержание

Похожие устройства

Скачать