Samsung MG23K3575AK/BW [117/192] Казақ 21

Samsung MG23K3575AK [117/192] Казақ 21
Казақ21
Пешті іске пайдалану
Код/Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-5
Сырник
2 дана 90-100 г үй ірімшігі, 10 г ваниль қанты, 0,5 г тұз,
¼ жұмыртқа, 5-10 г сары май (жағу үшін), 30 г ұн
Нұсқаулар
Сары майдан басқа барлық құраластарды жақсылап араластырыңыз. Екі
бәліш жасаңыз. Май жағыңыз. Оларды пергамент қағазға және содан соң
үстіңгі торға қойыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау
түймесін басыңыз. Сигнал бергенде, оларды шығарыңыз және бәліштерді
аударыңыз. Оларды микротолқынды пешке салып, қайтадан Бастау
түймесін басыңыз. Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-6
Ірімшіктен жасалған
тост
2 тілім Тост наны – 2 тілім (26-28 г / тілім), ірімшік – 2 жапырақ
(20 г / тілім)
Нұсқаулар
Екі нан тілімін үстіңгі торға қойыңыз. Оларды микротолқынды пешке
салыңыз. Бастау түймесін басыңыз. Сигнал бергенде, оларды шығарыңыз
және тост тілімдерін аударып, оларға ірімшік тілімін қойыңыз. Оларды
микротолқынды пешке салып, қайтадан Бастау түймесін басыңыз.
1-7
Нан қоқымдары
қосылған ірімшік
200-250 г 160 г сулугуни ірімішігі, 60 г нан қоқымдары, 1 жұмыртқа
Нұсқаулар
Ірімшікті шетінен 2-2,5 см кішкентай текшелерге кесіңіз. Жұмыртқаны сәл
көпіртіп, ірімшік текшелерін осы қоспаға қосыңыз.
Ірімшікті нан қоқымдарына аунатын, сол қадамдарды қайталаңыз (ірімшік
текшелерін қайтадан жұмыртқа мен нан қоқымдарына аунатыңыз және
оларды саусақтарыңызбен тегістеңіз.) Ірімшікті нан қоқымдарымен кең
тәрелкеге салыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау
түймесін басыңыз. Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Код/Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-8
Мәскеу дәстүрімен
балық пісіру
500-600 г 250 г ақ балық еті (нәлім немесе көксерке), 2 пісірілген
картоп, 4 қозықұйрық, 1 ас қасық көкөніс майы,
60 г ірімшік, 100 г қою қышқыл қаймақ, 1 лавр жапырағы,
дәміне қарай тұз, бұрыш
Нұсқаулар
Қозықұйрықтарды мұқият жуып, кептіріп, тазалаңыз. Саңырауқұлақтарды
кішкене бөліктерге бөліңіз. Балықты кішкентай порцияларға бөліп, оларды
тәрелкеге қойыңыз. Тұз және бұрышты себіңіз, саңырауқұлақ тілімдерін
қойып, оның үстіне лавр жапырағын салып, көкөніс майын қосыңыз.
Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау түймесін басыңыз.
Пісірген кезде, ірімшікті ірі үккішпен үгіңіз. Сигнал бергенде, оларды
шығарыңыз. Балыққа қышқыл қаймақты қосып, оның айналасына пісірілген
картоп сақиналарын қойып ірімшіктен себіңіз, бұрышпен дәмдеңіз және
пешке салыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз. Бастау түймесін
қайта басыңыз.
1-9
Орыс арқан балығы
1 дана 200-220 г арқан балығының 1 бөлігі, 1 лимон, 1½ ас
қасық зәйтүн майы, 1 розмарин өскіні, 2 шөкім ақ
бұрыш, 1 шөкім мускат жаңғағы, дәміне қарай тұз
Нұсқаулар
Лимон қабықтарын кішкене ыдысқа үгіп, кішкене лимон қышқылын сығып,
майға құйыңыз, дәмдеуіштерді қосып, бәрін аларастырыңыз. Соңғы
маринадқа балықты жақсылап батырыңыз, оларды жоғарғы торға қойыңыз.
Оларды микротолқынды пешке салып, Бастау түймесін басыңыз. Сигнал
бергенде, оларды шығарыңыз және арқан балықты аударыңыз. Оларды
микротолқынды пешке салып, қайтадан Бастау түймесін басыңыз. Дайын
балықты дәміне қарай лимон шырынына батырыңыз және кішкене тұз
қосыңыз.
MG23K3575AS_BW_DE68-04403T-01_RU+UK+KK+UZ.indb 21 2017-02-01  2:13:47

Содержание

Похожие устройства

Скачать