Philips HR7766 [101/240] Қазақш

Philips HR7766 [101/240] Қазақш
Тағам процессорының пышақтарын, дискілерді, тураушы бөлшекті, лайықталатын турау
дискісін және ет тартқыштың кесуші бөлшегін абайлап тазартыңыз. Кесетін жүздері өте
өткір.
Ескертпе: Мотор мен ет тартқыштың бөлшектерінен басқа барлық бөлшектер жуғыш
машинада тазартыла алады.
- Пышақтар мен дискілердің жиектері қатты заттарға тимегендігіне көз жеткізіңіз. Бұл -
олардың өткірлігіне зиян келтіруі мүмкін.
- Аэростат шайқауышын жақсылап тазарту үшін оны босатып алуыңызға болады (осы
тараудағы «Аэростат шайқауышы» бөлімін қараңыз).
- Араластырғыш ыдыстың қақпағын ажырату үшін оны ашып, жоғары тартыңыз. Қақпақты тек
тазалау мақсатында ғана ажыратыңыз. (Cурет 44)

1 Араластырғыш ыдысына жылы су (0,5 литрдан артық емес) мен кішкене жуғыш
сұйықтық құйыңыз (Cурет 45).
2 Қақпақты жауып тығынды қақпаққа орнатыңыз.
3 Бақылау түймесін PULSE бағдарламасына бірнеше рет қосыңыз.
4 Араластырғыш ыдысын шешіп алып, оны таза сумен шайыңыз.

Аэростат шайқаушысын қолданып болған бойда тазалаңыз.
Аэростат шайқаушысын жақсылап тазалау үшін ажыратуыңызға болады.
1 Шайқауышты құрал түтіктен ажыратып алыңыз. (Cурет 46)
2 Құрал түтікті ашу үшін бүйірдегі ысырманы тартыңыз (Cурет 47).
3 Екі тісдөңгелекті алып тастаңыз (Cурет 48).
4 Барлық бөлшектерді кішкене тазалағыш сұйықтықпен ыстық суда немесе ыдыс жуғыш
машинада тазалауға болады.
5 Шайқауышты орнатыңыз.

1 Кішкентай тісдөңгелекті механизмге енгізіңіз. Одан кейін үлкенірек тісдөңгелекті
енгізіңіз.
2 Төменгі түтік бөлімін жоғарғы түтік бөліміне қосыңыз. Екі ұшы да «тық» етіп орнына
түскеніне көз жеткізіңіз. (Cурет 49)
3 Шайқаушыны құрал түтікке орнатыңыз.

1 Лайықтаушы түймені сағат тілімен бұрап (1), дискіден ажыратыңыз (2). (Cурет 50)
2 Тураушы бөлшекті дискіден ажыратып алыңыз.
3 Барлық бөлшектерді кішкене тазалағыш сұйықтық қосып, ыстық суда немесе ыдыс
жуғышта тазалаңыз.

Ет тартқыштың бөлшектерін ыдыс жуғышта тазартуға болмайды!
 101

Содержание

Скачать