Philips HR7766 [94/240] Ет тартқыш

Philips HR7766 [94/240] Ет тартқыш


- Ет тартқышпен сүйектерді немесе басқа да қатты бөліктерді тартуға құлшынбаңыз.
- Кесуші бөлшекті ұстап тұрғанда немесе оны тазалап жатқанда оның жүздерін ұстамаңыз.
Олар өте өткір болғандықтан, саусақтарыңызды кесіп алуыңыз мүмкін.

- Ешқашан ет тартқыштың кесуші бөлшегін бөлшектегішпен және шұжық жасау кернейімен
бірге пайдаланбаңыз.

Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.


Бұл құрал ысып кету жағдайында құралды автоматты түрде өшіретін термо қорғанысымен
жабдықталған.
Егер құрал кенеттен жұмыс жасауын тоқтатса:
1 Штепсельді розеткадан ағытыңыз.
2 Құралды 1 сағат суытып алыңыз.
3 Ток шанышқысын қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
4 Құралды қайтадан қосыңыз.
Егер құрылғының қызып кетуге қарсы сөндіру қызметі тым жиі іске қосылса, Philips делдалымен
немесе Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.

Бұл қызмет моторға араластырғыш ыдыстың, ет тартқыш табағының дұрыс орнатылғанында
ғана, құрылғының іске қосылуын қадағалайды. Егер араластырғыш, тағам процессоры, шырын
сыққыш немесе ет тартқыш дұрыс орнатылса («Құрылғыны пайдалану» бөлімін караңыз), ішіне
орнатылған қауіпсіздік құлпы ашық болады.

Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамақпен байланысқа түсетін бөлшектерін жақсылап
тазалаңыз («Тазалау» тармаған қараңыз).


1 Бұрандалы қақпақты мотор бөлшегіне (1) қойып, сағат тілі бағытымен бұрап (2)
бекітіңіз (Cурет 2).
2 Табақты мотор бөлшегіне (1) қойып, сағат бағытымен бұрап (2) бекітіңіз (Cурет 3).
3 Құрал тұтқышты қажетті қосымша қондырғымен табаққа салыңыз (пышақ бөлігі, шайқау
қосымша қондырғылары, аэростат шайқаушысы немесе дискілердің бірі). Төмендегі
сәйкес бөлімді оқыңыз.
4 Пышақ бөлігін, шайқау қосымша қондырғыларын немесе аэростат шайқаушысын
қолданғанда, өңделетін ингредиенттерді табаққа салыңыз.
94

Содержание