Samsung MG22M8074AT/BW [142/208] Тағам пісіруге қатысты ақыл кеңес

Samsung MG22M8074AT/BW [142/208] Тағам пісіруге қатысты ақыл кеңес
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
38Казақ
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Жас көкөністер пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын қолданыңыз. Егер судың мөлшері арнайы көрсетілмесе,
әрбір 250 г тағамға 30-45 мл суық су құюды (2-3 ас қасық) ұсынамыз – кестеге қараңыз. Бетін жауып,
аз уақыт пісіріңіз - кестеге қараңыз. Қалаған нәтижеге жету үшін пісіруді жалғастырыңыз. Пісіріп
жатқанда бір рет, пісіріп болғаннан кейін бір рет араластырыңыз. Пісіріп болғаннан кейін тұз, шөп
немесе сары май қосыңыз. Бетін жауып 3 минут қоя тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Жас көкөністерді біркелкі етіп тураңыз. Неғұрлым кішірек етіп турасаңыз, соғұрлым тезірек піседі.
Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Қуат Уақыт (мин.)
Брокколи 250 г
500 г
850 Вт 4-4½
5-5½
Нұсқаулар
Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз. Сабақтарын ортаға қаратып салыңыз.
3 минут қоя тұрыңыз.
Брюссель
орамжапырағы
250 г 850 Вт 5½-6½
Нұсқаулар
60-75 мл (4-5 ас қасық) су қосыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Сәбіз 250 г 850 Вт 4-4½
Нұсқаулар
Сәбіздерді бірдей мөлшерде кесіңіз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Түрлі-түсті
орамжапырақ
250 г
500 г
850 Вт 5-5½
8-8½
Нұсқаулар
Гүлдерін бірдей-бірдей етіп бөліңіз. Үлкен гүлдерін екіге бөліңіз.
Сабақтарын ортаға қаратып салыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Кәдіш 250 г 850 Вт 3-3½
Нұсқаулар
Кәдішті жапырақтап тураңыз. 30 мл (2 ас қасық) су құйыңыз немесе бір
түйір май салыңыз. Жұмсақ болғанша пісіріңіз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Қуат Уақыт (мин.)
Баялды 250 г 850 Вт 3½-4
Нұсқаулар
Баялдыны шағын кесектеп турап, 1 ас қасық лимон шырынын себіңіз. 3
минут қоя тұрыңыз.
Порей пиязы 250 г 850 Вт 4½-5
Нұсқаулар
Порей пиязын қалың етіп жапырақтап тураңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Саңырауқұлақ 125 г
250 г
850 Вт 1½-2
3-3½
Нұсқаулар
Бүтін кішкене саңырауқұлақтарды немесе туралған саңырауқұлақтарды
алыңыз. Су қоспаңыз. Лимон шырынын себіңіз. Тұз, бұрыш салыңыз.
Үстелге суын сорғытқаннан кейін тартыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Пияз 250 г 850 Вт 5½-6
Нұсқаулар
Пияздарды тураңыз немесе екіге бөліңіз. Тек 15 мл (1 ас қасық) су
қосыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Бұрыш 250 г 850 Вт 4½-5
Нұсқаулар
Бұрышты кішкенелеп бөліңіз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Картоп 250 г
500 г
850 Вт 4-5
7½-8½
Нұсқаулар
Қабығы аршылған картоптың салмағын өлшеп алып, кішкенелеп екіге
немесе төртке бөліңіз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Кольраби
орамжапырағы
250 г 850 Вт 5-5½
Нұсқаулар
Кольраби орамжапырағын кішкене текшелерге бөліңіз. 3 минут қоя
тұрыңыз.
MG22M8074AT_BW_DE68-04445L-01_KK.indd 38 2017-11-29  5:37:17

Содержание

Скачать