Samsung DW50R4050FW/WT Руководство по эксплуатации онлайн [123/224] 792736

Samsung DW50R4050FW/WT Руководство по эксплуатации онлайн [123/224] 792736
Қазақ 11
Қауіпсіздік шаралары
Су қосылымының пластик корпусында электрлі бөлшек бар. Корпусты суға батыруға болмайды.
Аквастоп түтігіне электр сымдары орнатылған. Су құятын түтікті ешқашан, тіпті ұзын болса да кеспеңіз.
Орнату, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын білікті және құзыретті маман
мемлекеттік және жергілікті қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ғана орындауы керек. Білікті
мамандардан басқалардың құрылғыны жөндеуі немесе оған қатысты басқа да жұмыстарды орындауы
қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Өндіруші өзі рұқсат бермеген жұмыстар үшін жауапты емес.
Кіріктірілген су өткізбейтін жүйе келесі шарттар орындалған жағдайда, құрылғының судан келетін
зақымнан қорғайды:
Ыдыс жуғыш машина дұрыс орнатылған және сантехникалық жұмыстар дұрыс орындалса.
Ыдыс жуғыш машинаға тиісті күтім көрсетіліп, ауыстырылатын бөлшектерін дер кезінде ауыстырып
отырса.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде (мысалы, мереке күндері) бекітпе кранды ажырату
керек.
Су өткізбейтін жүйе құрылғы ағытылып тұрған кезде де жұмыс істейді. Дегенмен, құрылғы электр
қуатына қосылып тұруға тиіс.
Зақымдалған құрылғы қауіпті болуы мүмкін. Ыдыс жуғыш машинаға зақым келсе, оны қуат көзінен
ағытып, дилеріңізге немесе қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Рұқсат етілмеген жөндеу жұмыстары күтпеген қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін, мұндай жағдайлар
үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді. Жөндеу жұмыстарын рұқсаты бар қызмет көрсету технигі ғана
орындауға тиіс.
Жарамсыз бөлшектерді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерге ауыстыру керек. Осы бөлшектер
орнатылғаннан кейін ғана құрылғының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Техникалық қызмет көрсету үшін ыдыс жуғыш машинаны әрқашан электр желісінен ажыратыңыз
(розеткадан ағытып, ашасын суырыңыз).
Қосылым сымына зақым келсе, оны өндірушіден алуға болатын арнайы кабельге ауыстыру қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл жұмысты қызмет көрсету бөлімі немесе уәкілетті қызмет технигі
орнатуы керек.
Тарақандарды немесе басқа да зиянкестері бар жерлерде құрылғыны және оның айналасын әрқашан
таза ұстауға ерекше назар аударыңыз. Тарақандар мен басқа да зиянкестерге байланысты туындаған
зақымдардың ешқайсысы кепілдікке жатпайды.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 11 2020-11-05  12:17:28

Содержание

Похожие устройства

Скачать