Samsung DW50R4050FW/WT [132/224] Ыдыс жуғыш машинада жууға болмайтын заттар

Samsung DW50R4050FW/WT [132/224] Ыдыс жуғыш машинада жууға болмайтын заттар
Қазақ20
Іске кірісу алдында
Іске кірісу алдында
АБАЙЛАҢЫЗ
Күл, құм, балауыз жағылған, майланған немесе боялған заттарды жууға болмайды. Бұл
материалдар ыдыс жуғыш машинаны зақымдауы мүмкін. Күл ерімейді және ыдыс жуғыш
машинаның ішіне жайылады.
Ыдыстарды сүйек, жеміс тұқымы және т.б. тәрізді тағам қалдықтарынан, сонымен бірге тіс
тазартқыштар, қағаздан жасалған майлықтар тәрізді қоқыстардан тазарту керек. Тағам қалдықтары
мен қоқыстар шулы дыбыс шығарып, ыдыс жуғыш машинаның жұмысының бұзылуына әкелуі
мүмкін және ыдыс пен ыдыс жуғыш машинаны зақымдайды.
Ыдыс жуғыш машинада жууға болмайтын заттар
ЕСКЕРТУ
Өндіруші ыдыс жуғыш машина үшін қауіпсіз деп санайтын шыны, фарфор және ас үй құралдары
сияқты заттарды ғана жуыңыз. Алюминийді жууға болмайды (мысалы, май сүзгісі). Ыдыс жуғыш
машина алюминийді зақымдауы немесе төтенше жағдайларда қатерлі химиялық реакцияларға алып
келуі мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинада келесі заттарды жууға болмайды.
Мыстан, жезден, қалайыдан, піл сүйегінен және алюминийден жасалған заттар немесе жабысқақ
заттар
Қызуға төзімсіз пластиктер
Қолөнер бұйымдары, антиквариаттар, құнды вазалар және сәндік шыны ыдыстар
Күйіктас немесе зерленген күйіктас бұйымдары
Ағаштан жасалған ас үй құралдары мен ыдыс-аяқтар немесе ағаш бөлшектері бар заттар
Қорғасын кристалдан жасалған шыны ыдыс немесе нәзік шыны ыдыс Жиі жуылған ыдыстар
күңгірттенуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
Құрамында күкірті бар азық-түлік өнімдер салынған күміс ыдыстар түссізденуі мүмкін. Күкірт қышқылы
бар азық-түлікке жұмыртқаның сарыуызы, пияз, майонез, қыша, балық, тұзды балық және тұздықтар
жатады.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 20 2020-11-05  12:17:30

Содержание

Похожие устройства

Скачать