Samsung DW50R4050FW/WT [126/224] Орнату талаптары

Samsung DW50R4050FW/WT [126/224] Орнату талаптары
Қазақ14 
Орнату
Орнату
Орнату талаптары
Өрт, электр қатерін болдырмау немесе адам
жарақат алуға жол бермеу үшін барлық сымдар
мен жерге қосылатын сымдарды білікті техник
орнатуы керек.
Қуатпен жабдықтау
Ыдыс жуғыш машинаға арналған 220-240 В,
50 Гц жеке жүйесі.
Ең көбі 16 A қуат шығысы бар қуат көзі (ыдыс
жуғыш машина үшін рұқсат етілген макс.
11 A.)
ЕСКЕРТУ
Ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.
Ыдыс жуғыш машинамен бірге жеткізілетін
қорек сымын ғана пайдаланыңыз.
Орнатып болғаннан кейін қуат сымының
майысып немесе оған зақым келмегеніне көз
жеткізіңіз.
Жерге тұйықтау
Ыдыс жуғыш машинаны жерге тұрақты тұйықтау
үшін оны жердегі металға немесе тұрақты
сым жүйесіне қосу керек. Жерге тұйықтайтын
өткізгішті жүйенің өткізгіштерімен бірге
орналастырып содан кейін оны жерге қосылатын
клеммаға немесе ыдыс жуғыш машинаға қосу
керек.
ЕСКЕРТУ
Жерге қосылатын сымды ешқашан пластик
құбыр жүйесіне, газ жүйесіне не ыстық
су құбырына жалғамаңыз. Жерге дұрыс
тұйықталмаған өткізгіштер электр тоғын
өткізуі мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаның қуат ашасын
өзгертпеңіз. Егер қуат ашасы розеткаға сай
келмесе, электр маманын шақыртып, сай
келетін розетка орнатқызып алыңыз.
Сумен жабдықтау
Сумен жабдықтайтын құбырдағы судың
қысымы 0,04-1 MПa болуы керек.
Судың температурасы 60 °C градустан төмен
болу керек.
Судың шүмегіне бұрамасы 3/4” бекітпе кран
орнатылу керек.
Су жылыстап ағу қауіпін азайту үшін:
Су шүмектеріне қол оңай жететініне көз
жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде
су шүмегін жауып қойыңыз.
Су түтігінің фитинглерінен су жылыстап ағып
тұрмағанын уақытылы тексеріңіз.
Судың жылыстап ағуын тоқтату үшін сумен
жабдықтау желісінің қосылымдарын тефлон
таспамен немесе басқа тұмшалағыш затпен
бітеңіз.
Аквастоп
Аквастоп- судың жылыстап ағуын болдырмауға
арналған электрлі бөлшек. Аквастоп құралы су
түтігіне жалғанады және түтікке зақым келгенде
суды автоматты түрде тоқтатады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аквастопты күтіп ұстаңыз.
Аквастопқа қосылған су түтігін
майыстырмаңыз немесе бұрамаңыз. Аквастоп
зақымдалған жағдайда су шүмектерін жабып,
қуат ашасын дереу ажыратыңыз. Содан кейін
жергілікті Samsung тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына не білікті техникке
хабарласыңыз.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 14 2020-11-05  12:17:28

Содержание

Похожие устройства

Скачать