Samsung DW50R4050FW/WT [127/224] Еденге орналастыру

Samsung DW50R4050FW/WT [127/224] Еденге орналастыру
Қазақ 15
Орнату
Су төгу
Егер ыдыс жуғыш машинаға арналған су төгетін
жүйені пайдалансаңыз, су төгетін түтікті еденнен
30-70 см биік орналасқан су төгетін жүйеге
жалғаңыз. Еденнен 80 см биік орналасқан су
төгетін жүйеге су төгетін түтік жалғанса, ағынды
су кері ағуы мүмкін.
Еденге орналастыру
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ыдыс жуғыш
машинаны қатты еденге орнату керек. Дірілді
азайту үшін ағаш еденді қосымша арматуралау
керек. Кілем немесе жұмсақ тақта төселген
еденге орнатпаңыз. Кілем және жұмсақ тақта
төселген еден діріл туғызуы және жұмыс
істеп тұрған ыдыс жуғыш машинаны ақырын
жылжытуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Ыдыс жуғыш машинаны берік емес төсемге
орнатпаңыз.
Қоршаған орта температурасы
Ыдыс жуғыш машинаны төмен температуралы
жерге орнатпаңыз. Ыдыс жуғыш машинаның
су клапанында, сорғысында және түтігінде
әрқашан шамалы су қалып отырады. Ыдыс
жуғыш машинада немесе түтіктерінде су қатып
қалса, бұл ыдыс жуғыш машинаға және оның
бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.
Сынақ кезеңі
Ыдыс жуғыш машинаны орнатқаннан кейін дұрыс
орнатылғанына көз жеткізу үшін Жылдам циклын
іске қосыңыз.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 15 2020-11-05  12:17:29

Содержание

Похожие устройства

Скачать