Samsung DW50R4050FW/WT [143/224] Режим параметрлері

Samsung DW50R4050FW/WT [143/224] Режим параметрлері
Қазақ 31
Іске кірісу алдында
Режим параметрлері
Егер қаласаңыз, дыбысты, есікті автоматты ашу функциясын және судың кермектілігі параметрлерін
өзгерте аласыз.
Режим параметрлеріне кіру
1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинаны тоққа қосқаннан кейін 60 секунд ішінде Бағдарлама түймесін бес секунд
басып ұстап тұрыңыз.
- Параметрлер режиміне кіргенде дисплейде “0:00” көрсетіледі.
Дыбыс параметрі
Дыбысты қосуға немесе сөндіруге болады.
1. Дыбыс параметрлері мәзірін таңдау үшін Жартылай жүктеме түймесін басыңыз.
- Дисплейде қазіргі параметрлер көрсетіледі. (Әдепкі параметр: “U1”)
2. Параметрді өзгерту үшін Бағдарлама түймесін басыңыз.
- U0: Дыбысты ажырату
- U1: Дыбыстық сигналды қосу
3. Параметрді сақтау үшін 5 секунд күтіңіз.
Есікті автоматты ашу функциясы параметрі (қолжетімді үлгілерде ғана)
Жақсырақ кептіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін әр циклдан кейін есікті автоматты ашуға арналған
режимді ыдыс жуғыш машинаға орнатуға болады.
1. Есікті автоматты ашу функциясы параметрінің мәзірін таңдау үшін Зарарсыздандыру түймесін
басыңыз.
- Дисплейде қазіргі параметрлер көрсетіледі. (Әдепкі параметр: “A1”)
2. Параметрді өзгерту үшін Бағдарлама түймесін басыңыз.
- A0: Функция сөндірілген
- A1: Функция қосылған
3. Параметрді сақтау үшін 5 секунд күтіңіз.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 31 2020-11-05  12:17:33

Содержание

Похожие устройства

Скачать