Vitek VT-8701 [26/64] Қазақша

Vitek VT-8701 [26/64] Қазақша
26
ҚАЗАҚША
АВТОМАТТЫ КОФЕМАШИНА VT-8701
Кофемашина «Эспрессо», «Американо»
кофелерін дайындауға, сондай-ақ «Сүт көбігін»
және «Ыстық су» әзірлеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Су қоймасының қақпағы
2.
Суға арналған сұйыққойма
3.
Кофе дәндері салынатын контейнер қақпағы
4.
Ұнтақтық дәрежесінің реттегіші
5.
Кофе дәндеріне арналған контейнер
6.
Жылытылатын шыныаяқтарға арналған
алаңша
7.
Басқару панелі
8.
Металл ұштығы бар бу беру түтігі
9.
Биіктігіне қатысты реттелетін кофе беру
блогы
10.
Қосу батырмасы « »
11.
Металл торлы тамшы жинауға арналған науа
12.
Кофе қоюына арналған контейнер
13.
Демдеу блогы
14.
Демдеу блогы бөлімінің есігі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғану үшін қуаттандыру тізбегіне
30 мА аспайтын номиналдық жұмыс істеу
тогы бар қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ)
орнатып қойған жөн. ҚСҚ орнату үшін маман
шақырыңыз.
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ЖӘНЕ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану бой-
ынша басшылықпен зейін қойып танысыңыз.
Берілген басшылықты бүкіл пайдалану мерзімі
бойы сақтаңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін.
Алғашқы іске қосу алдында кофемашинаның
жұмыс істеу кернеуі электр желісіндегі кернеу-
ге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Желі ашасы «евроашамен» жабдықталған;
оны жерге сенімді тұйыталған электр
розеткаға қосыңыз.
Өрт шығу қаупін болдырмау үшін кофема-
шинаны электр розеткаға қосудың алдында
жалғастырғыштарды пайдаланбаңыз.
Кофемашинаны тек оның тікелей тағайыны
бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдаланбаңыз.
Ешқашан кофеқайнатқышты 0°C-тан төмен
бөлмелерде қалдырмаңыз және сақтамаңыз,
әйтпесе кофеқайнатқыштың ішіндегі су қатып
қалса, машина істен шығады.
Кофеқайнатқышты құрғақ түзу тұрақты бет-
ке орнатыңыз, құрылғыны үстелдің шетіне
қоймаңыз.
Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
Кофемашинасына тікелей күн сәулесі
түспейтініне көз жеткізіңіз.
Кофемашинасын жылу, ылғал немесе ашық
от көздерінің тікелей қасында пайдаланбаңыз.
Кофемашинаны орнатқан кезде оны тиімді
салқындатуды қамтамасыз ету үшін құрылғының
әр жағында 10 см бос орын қалдырыңыз.
Желі бауының үстелден салбырауын және
жиһаздардың өткір шеттеріне, ыстық беткей-
лерге тиіп тұруын болдырмаңыз.
Ыстық сумен және бумен жұмыс істегенде
абай болыңыз.
Ыстық бу мен ыстық су пайдаланушыны
күйдіруі мүмкін. Бу мен ыстық суды өзіңізге не-
месе басқаларға тікелей бағыттамаңыз.
Бу беру түтігіне тиген кезде өте сақ болыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Ыстық суды, сүт көбігін және басқа функция-
ларды пайдаланған кезде кофе шығатын жер-
ден жоғары температуралы сұйықтық ағады.
Күйіп қалмас үшін жоғары температуралы
сұйықтыққа қол тигізбеңіз!
Электр тоғы соққысына жол бермеу үшін ко-
фемашинаны, желі бауын және желі бауының
ашасын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
Жарақат алмау үшін жұмыс кезінде
құрылғының кофе ұнтақтағыш және дем-
деу блогы сияқты қозғалатын бөліктерін
қолыңызбен ұстамаңыз.
Сусындар дайындау кезінде және жуу
процесінде кофемашинаны жылжытуға неме-
се қорғаныс элементтерін шешіп алуға (мыса-
лы, оң жақ есігін ашуға) тыйым салынады.
Суы жоқ кофемашинаны қоспаңыз.
Тек таза суық суды ғана пайдаланыңыз, суға
арналған тұрмыстық сүзгіштерден қосымша
тазартудан өткен суды пайдалану ұсынылады.
Кофе дәндерінің контейнеріне еритін кофе,
қант, күріш, соя, дәмдеуіштер, шоколад
бұршақтарын және т.б. қосуға тыйым салына-
ды, әйтпесе машина зақымдалады.
Кофемашинаны іске қосу алдында,
барлық шешілмелі бөлшектердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Ешқашан жұмыс істеп тұрған кофемашинаны
қараусыз қалдырмаңыз.

Содержание

Похожие устройства