Vitek VT-8701 [28/64] Қазақша

Vitek VT-8701 [28/64] Қазақша
28
ҚАЗАҚША
РСұйыққойманы шешіп алу үшін қақпақты (1)
ашыңыз және оны жоғары қарай тартыңыз
(сур. 1).
Сұйыққойманы (2) таза сумен максималды
белгісіне дейін толтырыңыз, оны қайтадан ко-
фемашинасына орнатыңыз және қақпақты (1)
жабыңыз.
Ескертпе: Суға арналған сұйыққойманы (2) тек
бөлме температурасындағы таза, балғын су-
мен толтыруға болады. Ыстық немесе мұзды
су және сүт құюға тыйым салынады. Бұл та-
лапты орындамау суға арналған сұйыққоймада
жарықтар пайда болуына әкеледі және
құрылғының сынуына әкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Суға арналған сұйыққойманы (2) орнатқан
кезде кофе дәндеріне арналған контейнерінің
қақпағы (3) тығыз жабылуы керек.
Cұйыққойманы (2) кофемашинасына қайта
орнатқан кезде судың төгілуіне жол бермеу
үшін, оны шамадан тыс толтырмаңыз.
Егер сіз сұйыққойманы сумен толтыру
үшін қолайлы сыйымдылықты қолдансаңыз
және сұйыққойманы кофемашинасынан
шығармасаңыз, онда су құйған кезде кофе
дәндеріне арналған контейнерінің қақпағы (3)
тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе,
кофе дәндерінің контейнеріне кездейсоқ су
түссе, кофе ұнтақтағыш зақымдалады.
Суға арналған сұйыққоймадағы суды мүмкін-
дігінше жиі ауыстырыңыз! Сұйыққоймадағы
су ұзақ уақыт бойы болғанда, ішінде ми-
кроорганизмдер болуы мүмкін және сіздің
денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін.
Кофе дәндеріне арналған контейнердің
қақпағын (3) ашыңыз және контейнердің ішкі
жағын (5) жұмсақ, сәл дымқыл майлықпен
сүртіңіз, содан кейін оны құрғатып сүртіңіз.
Ұнтақтау дәрежесін реттегіштің күйін
тексеріңіз. Бірінші рет қолданар алдында
ұнтақтау дәрежесін реттегішінің тұтқасы (4)
3 күйінде орнатылуы керек (сур. 2).
Контейнерге (5) кофе дәндерін салыңыз
(сур. 3) және оны қақпақпен (3) мықтап
жабыңыз.
Кофемашина кофе сусындарын тек қуырылған
бүтін кофе дәндерінен жасауға мүмкіндік береді,
олар кофенің әр порциясы үшін кіріктірілген кофе
тартқышпен ұнтақталады.
Ескертпе: Контейнерге бірнеше күн бойы
қажет болатын кофе дәндерін ғана салыңыз.
Ауамен байланыста болған кезде кофе хош иісін
жоғалтады.
Назар аударыңыз! Кофе сусындарын дайындау-
ды бастамас бұрын, Кофе ұнтақтау дәрежесін
реттеу бөлімімен танысыңыз және кофе
дәндерін ұнтақтау дәрежесін дұрыс реттеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кофе дәндеріне арналған
контейнерге (4) тек қуырылған кофе дәндерін
салуға болады. Контейнерге су, ұнтақталған,
еритін кофе, еритін кофе ұнтағын немесе
оларды ыстық сумен тез қайнатуға арналған
басқа сублимацияланған кофе қоспаларын,
қатты заттармен араласқан кофе дәндерін,
қант, карамель қосылған өңделген дәнді кофені
қоспаңыз, мұздатқышта сақталған кофе
дәндерін ешқашан пайдаланбаңыз, әйтпесе
ұнтақтағыштың пышақтары зақымдалады.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Кофемашинасын қосу
Желі ашасын электр розеткасына тығыңыз.
Сұйықтықты ағызуға қолайлы сыйымдылықты
астаудың металл торына (11) орнатыңыз.
Ыстық су шашырауымен тікелей байланыста
болмас үшін кофе беру блогын биіктікке қарай
(9) реттеңіз (сур. 4).
Кофемашинаны қосу үшін қосу түймесін (10)
« » басыңыз (сур. 4).
Кофемашинаны қосқан кезде қыздыру, өзін-
өзі диагностикалау автоматты түрде қосылады
және жүйені автоматты түрде жуу режимі іске
қосылады, осы ретте процестің барысы басқару
тақтасының дисплейінде (7) көрсетіледі. Жүйені
автоматты түрде жуу кезінде кофе беру блогынан
(9) аз мөлшерде ыстық су ағып кетеді.
Жоғарыда аталған процестер аяқталғаннан
кейін кофемашинасы күту режиміне
өтіп, пайдалануға дайын болады, басқару
тақтасында (7) жұмыс режимдерінің түймелері
және дисплей пайда болады, дайындалған
кофе тостағандарының жалпы санын
көрсетеді (сур. 5).
Ескертпе:
Басқару тақтасындағы жұмыс режимдерінің
түймелері (7) сенсорлық болып табылады,
қажетті жұмыс режимін қосу үшін түймені
түрту жеткілікті, осы ретте әр түймені
басу қысқа дыбыстық белгімен расталады.
Тамшылардың шашырауына жол бермеу үшін
әрқашан кофе беру блогының биіктігін (9)
тостағанның биіктігіне қарай реттеңіз.
Алынбалы астаудың (11) лас сумен толып
кетуіне жол бермеу үшін, шаю кезінде кофе
беру блогының (9) астына тостаған немесе
басқа қолайлы ыдысты қойыңыз (сур. 4).

Содержание

Похожие устройства