Vitek VT-8701 [33/64] Қазақша

Vitek VT-8701 [33/64] Қазақша
33
ҚАЗАҚША
ерітінді дайындауға кеңес беріледі.
A. Қақты тазалауға арналған құралды таза суы
бар ыдысқа құйып, оның толықтай ерігенін күтіңіз.
Қақты тазалауға арналған құралды
тазалайтын құралдарды өндірушінің
нұсқаулықтарына сәйкес пайдалану керек!
B. Суға арналған ыдыстың (2) қақпағын (1)
ашып, оған дайындалған тазалайтын құралдың
көлемінің 3/4 бөлігін құйыңыз, артынан ыдысқа
максималдық деңгейге дейін таза су құйып
қойыңыз.
Түпқойманың металл торына (11) көлемі 1,5
л кем емес тиісті ыдысты орнатыңыз және
кофе беру блогының (9) биіктігін реттеңіз.
Орнатылған ыдысқа қарай бу беретін түтікті (8)
бағыттаңыз.
C. Күту тәртібінде «Мәзір» « » батырма-
сын басып, баптау мәзіріне кіру үшін 3 секунд
ұстап тұрыңыз, артынан тағы да 4 рет «Меню»
« » батырмасын басыңыз және қақты та-
залау интерфейсіне өтіңіз, бұл жерде басқару
панелінің дисплейінде « » белгісі пайда
болады (20-сур.). Үдерісті бастау үшін «ОК»
« » бастырмасын басыңыз (21-сур.).
D. Тазалайтын ерітіндінің кальцисіздендіру
үдерісі кезінде кофені беру блогымен (9) және
түтіктен бу беру (8) кезектесіп шығатын болады,
бұл жерде « » белгісі жанып-өшеді. « »
белгісі тұрақты жанатын болса, онда тазалай-
тын ерітіндінің үштен бірін суға арналған ыдысқа
құйып, үстінен максималдық деңгейге дейін таза
сумен толтырыңыз. Қақты тазалау үдерісі авто-
матты түрде жалғасады. Үдеріс аяқталғаннан
кейін басқару панелінде (7) « » және « »
сияқты екі белгі пайда болады. Жүйені жуу талап
етіледі.
E. Суға арналған ыдысты шығарып, оның
ішінен тазалайтын ерітіндінің қалдықтарын
құйыңыз. Ыдысты ағын суға жуып, оны қайтадан
кофемашинаға орнатып, максималдық белгіге
дейін таза су құйыңыз. «ОК» « » батырма-
сын басыңыз, жүйені жуу басталады.
F. Кофемашинаға таза су қосу керек болғанда
дисплейде « » белгісі жанып-өшеді, жууды
аяқтау үшін ыдысқа таза су құйыңыз.
Жүйені жуу аяқталғаннан кейін кофемашина ав-
томатты түрде күту тәртібіне көшеді.
КОФЕМАШИНАҒА ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ
КҮТІМ ЖАСАУ
Кофемашинаның негізгі бөліктерін
шешу/орнату
Кофемашинаның негізгі бөліктерін шешу/орнату
ерекшеліктерін (22-сур.) көрсетілген.
Назар аударыңыз: демдейтін блокты (13)
дұрыс күйде қайта орнату кезінде бекіткіштің
сипатты шертпегі естіледі. Егер шертпек
естілмесе, онда демдейтін блокты қайтадан
шешіп, оны қайтадан орнатыңыз. (Демдейтін
блокты (13) орнатқан кезде демдейтін блоктың
негізіндегі дөңістерді кофемашинадағы тиісті
жіктермен біріктіріңіз, одан кейін оны сипатты
шертпекке дейін жылжытыңыз.)
Назар аударыңыз: Суға арналған ыдыстың
кофемашинаның жоғарғы жазығы тұрған
дәрежеде болуын тексеріңіз. Егер бір дәрежеде
болмаса, онда ол орнына келгенге дейін суға
арналған ыдысты басыңыз.
Ұзақ ғұмырлық пен керемет дәмді қамтамасыз ету үшін күнделікті қызмет көрсету маңызды.
Шешілетін бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуатын машинаны пайдалануға болмайды!
Қызмет көрсету
бұйымы
Қызмет көрсету әдістері Басқасы
Демдейтін блок
(13)
1. Демдейтін блокты шығарып, оны
жоғары жағынан ағын сумен жуу керек,
піспекті сүзгіштің үстінен кофенің
қоюын алып тастаңыз. Әрбір 3 күн
сайын қолмен тазалауға кеңес беріледі!
Демдейтін блоктың төменгі және
ортанғы бөлігіндегі майлайтын майды
тазалауға болмайды.
Демдейтін блокты кофе майынан
*тазалауға арналған кәсіби таблетканы
пайдалануға болады – демдейтін
блокты мофемашинадан шығарып,
тазалайтын таблетканы үгітілген
кофеге арналған бөлікке салыңыз,
демдейтін блокты орнына қойыңыз
және үлкен тостағандағы экспрессо
дайындаңыз (максималдық көлемді
белгілеу керек). Артынан демдейтін
блокты шығарып, қалдықтарды қолмен
тазалау керек.

Содержание

Похожие устройства