Jet JSMS-8L (10000831M) [14/28] Қауіпсіздік техникасы

Jet JSMS-8L (10000831M) [14/28] Қауіпсіздік техникасы
14Шеткі жақтары тікенді ара JSMS-8L Қазақша14
Нұсқауда маңызды мəліметке на-
зар аудару үшін келесідей белгілер
қолданылған:
Назар аударыңыз!
Қауіп туралы ескерту
Ескерту
Маңызды қосымша мəлімет
Жалпы ережелер
Барлық нұсқаулар мен
ережелерді оқыңыз
1. Қауіпсіздік техникасы
1.1 Дұрыс пайдалану
Станок тек қатты пластиктер мен
орман өнімдерін жəне басқа да ағаш
өнімдерін аралау үшін құрастырылған.
Басқа материалдарды өңдеуге
болмайды, немесе тек компания
өкілдерімен кеңескеннен кейін ғана
жүзеге асыруға болады.
Металл дайындамаларды өңдеуге
тыйым салынады.
Дайындама қауіпсіз бекітілген жəне
орнатылған болуы керек.
Станокты дұрыс пайдалану үшін осы
нұсқаулықтың ережелерін
сақтау
қажет.
Станокты тек оның жұмысы,
техникалық қызмет көрсетуі жəне
мүмкін болар қауіп қатерлер туралы
ескертілген тұлғалар қолдануға рұқсат
етіледі.
Станокты пайдалануға белгіленген
жасқа толмаған тұлғалар жіберілмейді.
Станокты тек техникалық дұрыс
жағдайында қолданған жөн.
Станокта жұмыс жасаған кезде барлық
қорғаныс заттары мен қақпақтар
бекітілуі керек.
Осы нұсқаулықта қамтылған
қауіпсіздік
бойынша талаптар мен мемлекеттік
ережелерге қосымша, ағаш өңдейтін
станоктармен жұмысқа қатысты
қабылданған жалпы ережелермен де
танысқан жөн.
Тауар талаптарға сай қолданылмаған
жағдайда өндіруші жауапкершіліктен
бас тартады жəне оны тек қана
тұтынушыға береді.
1.2 Қауіпсіздіктің негізгі
ережелері
Ағаш кесетін станоктарды белгіленуі
бойынша пайдаланбаса қауіпті болуы
мүмкін. Сондықтан келесі төменде
жазылған ережелермен қатар,
қауіпсіздік техникасының жалпы
ережелерін сақтаған жөн.
Станокты құру мен жұмыс істемес
бұрын нұсқаулықтың мазмұнын оқып
шығып, оны түсініп алыңыз.
Нұсқаулықты ылғал мен лас жерден
қорғалған жерде станоктың қасында
сақтаңыз жəне келесі тұтынушыға
беріңіз.
Станокта қандай да бір өзгертулер
жасауға тыйым салынады.
Станокпен жұмыс жасамас бұрын
күн сайын қорғаныш тетіктер мен
олардың қызметін тексеріңіз. Одан
басқа жағдайларда станокпен жұмыс
істеуге тыйым салынады, оны электр
желісінен суырып тастаңыз.
Қозғалмалы қорғаныс қоршауларын
ашық қалпында бекітпеңіз.
Қозғалмалы қорғаныс қоршауларын
еш кедергісіз еркін орын ауыстыраты-
нына көз жеткізіңіз.
Жеңдері кең киімдерді шешіп,
шашыңызды жинаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын галстук,
сақина, қолсағат жəне тағы басқа
əшекейлерді шешіп қойыңыз, жеңді
шынтақтан жоғары етіп түріңіз.
Қауіпсіз аяқ киім киіңіз, шəркей мен
жеңіл аяқ киім киюге тыйым салынады.
Жұмыс істеген кезде əрдайым
- қорғаныс көзілдіріктерін
- құлақты сақтайтын жəне дыбысты
оқшаулайтын құлақшындар
- респираторлар
немесе шаң тозаңнан
сақтайтын құрылғылар киіп алыңыз.
Станокпен жұмыс істеу кезінде қолғап
киюге тыйым салынады.
Егер аралау дискісін қолға алу керек
болса үнемі қолғап киіңіз.
Станок тоқтау уақытының 10 секунд-
тан артық болмауын қадағалаңыз.
Аралау дискісін оны екі жағынан қысу
жəне станокқа қысым түсіру арқылы
тоқтатуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Өңдеу
кезінде цилиндрлік дайындама
айналып кетпейтіндей боп тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Ұстап тұру қиын болған дайындамалар
үшін үстелдің ұзартылған бөлігін неме-
се қосымша сүйеніш қолданыңыз.
Аралауды тек қана қолдармен жасауға
тыйым салынады.
Кертіктерді аралағанда абай болыңыз.
Дайындамаларды ұстап тұрып
аралауға сақтықпен бағыттаған жөн.
Өте кіші өлшемдегі дайындаманы
аралауға тыйым салынады.
Құрметті сатып алушы!
Сіздің бізге білдірген сеніміңізге жəне
JET маркасының станогын сатып
алғаныңызға үлкен рахмет!
Осы нұсқаулық шеткі жақтары
тікенді JSMS-8L арасының иелері
мен қолданушыларына арна-
лып құрастыру, жұмыс істеу жəне
техникалық қызмет көрсету кезіндегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
жасалынды.
Өтінеміз, нұсқаулық пен қосымша
құжаттардағы ақпаратты мұқият оқып
түсініп алыңыз.
Сатып алатын құрылғыны мейлінше
ұзақ пайдаланылуы мен жоғары
өнімділігі үшін нұсқаулықпен мұқият
танысуға жəне оның ережелерін қатаң
сақтауға кеңес береміз.
Мазмұны
1. Қауіпсіздік техникасы
Дұрыс пайдалану
Қауіпсіздіктің негізгі ережелері
Басқа қауіп
2. Станоктың техникалық
сипаттамасы
Техникалық сипаттамалар
Дыбыстық эмиссия
Жеткізілетін жиынтық
3. Тасымалдау жəне іске қосу
Тасымалдау жəне құрастыру
Жинау
Электр тоғына жалғау
Іске қосу
4. Станокпен жұмыс істеу
5. Құру жəне баптау
Аралау дискісін ауыстыру
Лазерді баптау
Бұрылыс тірегін реттеу
Кесу тереңдігін реттеу
6. Техникалық қызмет көрсету
жəне тексеру
7. Ақауларды жою
8. Қоршаған ортаны қорғау
9. Жеткізіп берілетін қосымша
заттар

Содержание

Похожие устройства

Скачать