Jet JSMS-8L (10000831M) [15/28] Басқа қауіп

Jet JSMS-8L 230В 10000831M [15/28] Басқа қауіп
15Қазақша Шеткі жақтары тікенді ара JSMS-8L15
Қауіпсіздік техникасы бойынша
осы станокта жұмыс істеу кезінде
екі қолдың бірдей қатысуы керек,
баспалдақты бұдыр жерде тұрып
жұмыс істеуге болмайды.
Станокты дайындаманы бекіту мен
қауіпсіз жұмыс істеуге жеткілікті орын
қалатындай етіп орнатыңыз.
Станоктың жұмыс істеу аймағы жақсы
жарықтанған болуы керек.
Станок жабық тұрғынжайда қолдануға
жобаланған жəне ол тегіс, берік жəне
қатты бетке орнатылуы керек.
Электр қоректендіру шнурының жұмыс
пен адамдардың жүріп тұруына кедергі
келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
Станок жанындағы еденді таза
ұстаңыз, оның бетінде ешқандай
қималар мен майлар болмауы керек.
Қысылған немесе кесілген дайында-
маларды тек қозғалтқыш сөніп тұрған
кезде жəне станок толық тоқтағанда
ғана алыңыз.
Қозғалтқыштың желдету тесіктерінің
ашық жəне тазалығына көз жеткізіңіз.
Қырағы болыңыз!
Өте мұқият болыңыз. Шектен
шықпаңыз. Денеңіз эргономикалық
қалыпта болсын. Əрдайым теңгерімді
қалыпта тұрыңыз.
Егер шаршасаңыз станокта жұмыс
істемеңіз.
Егер сіз ішімдік, наша, не дəрі
қабылдаған болсаңыз станокта
жұмыс істемеңіз. Дəрілердің сіздің
мінез құлқыңызға əсер ететінін есте
сақтаңыз.
Жұмыс аймағынан балалар мен бөтен
адамдарды алшақ ұстаңыз.
Станок толық тоқтамаса немесе
жұмыс істеп тұрса станоктың ішкі
бөліктеріне қол тигізуге тыйым салы-
нады.
Жұмыс істеушіні станок операторының
қарауынсыз қалдыруға тыйым салы-
нады. Жұмыс орнынан кетпес бұрын
құрылғыны сөндіріңіз.
Станокты тұтанғыш сұйықтық пен газ
жанында қолданбаңыз.
Өрт туралы
хабарлама мен өрт
сөндіру əдістерімен танысыңыз, өрт
сөндіргіш құралдың орны мен жұмыс
істеу қағидаларын зерделеңіз.
Станокты ылғалды ортада жəне
жаңбырдың астында пайдаланбаңыз.
Ағаш қиқымдары өрт төндіру қауіпі
бар жəне денсаулыққа зиянын тигізуі
мүмкін.
Кейбір тропикалық ағаштардың не-
месе қатты ағаштың, мысалы, емен
ағашының үгінділері канцерогенді
заттар болып табылады. Əрқашан
шаң жинау үшін тиісті құрылғыны
қолданыңыз.
Өңдеу алдында дайындамадан
шегелер мен басқа да заттарды алып
тастаңыз.
Дайындаманың ең кіші жəне ең үлкен
өлшемдері бойынша техникалық та-
лаптарды сақтаған жөн.
Станокқа қысым түсірмеңіз. Онда
жұмыс істеу оның құрастырылған
режимдерінде жүргізілсе өнімде əрі
анағұрлым қауіпсіз болады.
Станок толық тоқтамайынша ағаш
қиқымдары мен дайындама бөліктерін
алып тастамаңыз.
Қорғаныс қоршаулары жоқ станок-
пен жұмыс істеуге тыйым салынады
жарақаттанудың үлкен қаупі бар.
Электр құрылғысын қосу жəне жөндеу
тек білікті электриктермен жасалуы
тиіс.
Ұзартқыштарды толық тарқатып алу
керек.
Зақымдалған ұзартқышты дереу ауы-
стыру керек.
Егер қосып сөндіргіштер ON/OFF (қосу/
сөнд.) жұмыс істемей тұрса станокта
жұмыс істеуге болмайды.
Жұмыс істеп
тұрған станокты қараусыз
қалдыруға тыйым салынады. Жұмыс
орнынан кетпес бұрын станокты
электр желісінен ажыратыңыз.
Тез кесетін болаттан (HSS) жасалған
аралау дискілерін қолданбаңыз.
Ақаулары бар аралау дискілерін дереу
ауыстырған жөн.
Өңделетін материалға лайықты ара-
лау дискісін таңдаңыз.
Тек қана станок өндірушісі ұсынатын
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Егер үстелдің ішпегі тозса, оны
дереу
ауыстырыңыз.
Лазерлік сəуленің көзге түсуіне жол
бермеңіз.
Лазерлік сəулені адамдар мен
жануарларға бағыттамаңыз. Жоғарғы
кескіндегіш қабілеті бар материалдар-
да лазерлік белгілер жүргізуге тыйым
салынады. Кескінделген сəуле де өте
қауіпті.
Лазерлік белгілерді тек қана осы
саланың маманы жүргізгені жөн.
1.3 Басқа қауіп
Станокты ережелерге сай қолданған
күннің өзінде кейбір қауіптер
сақталады.
Жұмыс аймағындағы аралау дискісі
зақым келтіруі мүмкін.
Сынған аралау дискісі жарақаттауы
мүмкін.
Ұшып кеткен дайындама жарақаттауы
мүмкін.
Ағаш қиқымдары денсаулыққа зиян
келтіруі мүмкін. Міндетті түрде
қорғаныс көзілдірігі, естуді қорғау
құралдары, шаңнан қорғайтын тетіктер
секілді жеке қорғаныс заттарын
пайдаланыңыз.
Шаңды сорудың сəйкес тəсілдерін
пайдаланыңыз.
Электр желісіне дұрыс қосылмау мен
зақымдалған шнур тоқ соғу зардабына
əкелуі мүмкін.
Жерқосқыш беттеріне денені
тигізбеңіз. (мысалы, сымдар, радиа-
торлар, тоңазытқыштар
2. Техникалық сипаттама
2.1 Сипаттамалар
Аралау дискісінің өлшемі Ø216xØ30x2,8мм- 40T
Бос жүрістегі айналым сандары 5000 айн/мин.
Аралау дискісінің бұрылуы (солға/ оңға) 0°- 45°
Аралау дискісінің көлбеуі (солға) 0°- 45°
Араланған жердің ең үлкен тереңдігі 0°- 45°
305x62/215x30 мм
Тартылатын штуцердің диаметрі Ø57мм
Габаритті өлшемдер (ШхДхВ) 685х820х560 мм
Салмағы 16,8 кг
Желінің кернеуі 220В ~1L/N 50-60 Гц
Қозғалтқыш күші 1500 Вт
Жұмыс тоғы 6,5 А
Ұзартқыш (H05VV-F) 2х1 мм
2
Сақтандырғыштар 10А
Құрылғының EN 61029 сəйкес қосарлы
оқшауландыруы бар
Лазер классы 2 <1 мВт 400-700 нм
Трансформатордан лазердің қоректенуі 3 Вольт
Ескерту
Осы нұсқаулықтың спецификациясы
жалпы ақпарат болып табылады.
Өндіруші станоктар құрылымына
өзгерістер енгізуге құқылы, бұл оның
техникалық сипаттамаларына, оның
стандартты жиынтығына, қосымша
заттары мен сыртқы түрінің өзгеруіне
алып келеді.
Құрылғыны баптау, реттеу, орнату
жəне техникалық қызмет көрсетуді
сатып алушы жүргізеді.
2.2 Дыбыстық эмиссия
(Тексеріс нақтылығы 4дБ)
Дыбыс күшінің деңгейі (EN ISO
3746сəйкес)
Бос жүрісте LwA 100.5 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі (EN ISO
11202 сəйкес)
Бос жүрісте LpA 87.7 дБ(А)
Келтірілген мəндер шығатын дыбыс
деңгейіне қатысты жəне қауіпсіз жұмыс
істеу үшін қажетті болып табылмайды.
Осы ақпарат операторға қауіпті
төмендетуге мүмкіндік береді.
2.3 Жеткізілетін жиынтық
1 - Шеткі жақтары тікенді ара
2 - Үстелдің ұзартқышы
1 - Дайындамалар қысқышы
1 - Шаң жинайтын қап
1 - 24 Тісті аралау дискісі
1 - Ұзындықты өлшеу шкаласы

Содержание

Похожие устройства

Скачать