Samsung DW60M6050FS [114/224] Қауіпсіздік нұсқаулары

Samsung DW60M6050FS [114/224] Қауіпсіздік нұсқаулары
2_ Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздік нұсқаулары
Жаңа Samsung ыдыс жуғыш машинасын сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Бұл
нұсқаулық құрылғыны орнату, пайдалану және күтім көрсету туралы маңызды
ақпаратты қамтиды. Ыдыс жуғыш машинаның көптеген артықшылықтары мен
мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК
Жаңа құрылғының кең ауқымды мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға сенімді болуға,
құрылғыны алдағы уақыттарда қауіпсіз жерде сақтау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғыны
осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана пайдаланыңыз.
Ескертулер мен қауіпсіздік нұсқауларында барлық мүмкін болатын жағдайлар қамтылмаған. Ыдыс жуғыш машинаны
рнату, күтім көрсету және пайдалану кезінде абай болу және саналы әрекет ету - сіздің міндетіңіз.
Төмендегі пайдалану нұсқаулары әртүрлі үлгілерді қамтитын болғандықтан, ыдыс жуғыш машинаңыздың
сипаттамалары осы нұсқаулықтағы сипаттамалардан ерекшеленуі және барлық ескерту белгілері қолданылмауы
мүмкін. Егер қандай да бір сұрақтар немесе мәселелер туындаса, жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз
немесе www.samsung.com сайтынан көмек пен ақпарат ала аласыз.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ МЕН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Маңызды қауіпсіздік белгілері
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақат алуға және/немесе бұйымның бүлінуіне әкелуі мүмкін қауіп-қатерлер немесе
қауіпті іс-әрекеттер.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алуға және/немесе бұйымның бүлінуіне әкелуі мүмкін қауіп-қатерлер немесе қауіпті
іс-әрекеттер.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыс жуғыш машинаны қолданған кезде өрт шығу, жарылыс пайда болу, электр тоғының
соғуы немесе жарақат алу қауіпін азайту үшін төмендегі негізгі қауіпсіздік шараларын
орындаңыз:
ТЫЙЫМ салынады.
БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ.
Қолмен ұстауға БОЛМАЙДЫ.
Нұсқаулықтарды дәл орындаңыз.
Ашаны розеткадан ажыратыңыз.
Электр қуатына соғылмау үшін құрылғының жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
Көмек алу үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ескерім
Бұл ескерту белгілері сіз және басқа адамдар жарақат алуға жол бермеу үшін берілген.
Оларды нақты орындаңыз.
Осы нұсқаулықты сенімді жерде сақтаңыз және жаңа пайдаланушыларға нұсқаулық мазмұнымен
танысуға мүмкіндік беріңіз. Оны болашақ пайдаланушыға табыс етіңіз.
Құрылғыны пайдаланған кезде өрт, электр тоғының соғуы немесе адамдардың жарақат алу қауіпін азайту үшін
негізгі сақтық шараларын орындаңыз, соның ішінде:
ЕСКЕРТУ
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 2 11/10/2020 11:07:12 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать