Samsung DW60M6050FS [148/224] Су құю және төгу

Samsung DW60M6050FS [148/224] Су құю және төгу
36_ Ыдыс жуғыш машина параметрін орнату
Ыдыс жуғыш машина
параметрін орнату
ЕСКЕРТУ: Электртоғы қатері
Ыдыс жуғыш машинаны орнатар алдында тоқты ажыратыңыз.
Бұл нұсқау орындалмаса, мерт болу немесе электртоғына түсу қатері орын алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құбыр және электр құрылғыларын тек білікті мамандар ғана орнатуға тиіс.
Электртоғына жалғау
АБАЙЛАҢЫЗ, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫДА ҰЗАРТҚЫШ СЫМДЫ НЕМЕСЕ АДАПТЕР АШАСЫН ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ.
ҚУАТ СЫМЫНДАҒЫ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ІСТІКШЕНІ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА
АЛУҒА НЕМЕСЕ КЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ.
Электрмен желісіне қойылатын талаптар
220-240 В~, 50 Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған қызмет көрсетудің жеке жүйесі.
Жерге тұйықтауға қатысты нұсқаулар
Қолданар алдында құрылғының дұрыс тұйықталғанын тексеріңіз
Бұл құрылғыны жерге дұрыс тұйықтау керек. Егер құрылғы сынып немесе жұмыс істемей қалса
жерге тұйықтау жүйесі электр тоғының ағымына ең төмен деңгейде қарсылық көрсетуге мүмкіндік
беріп, электр қатерінен сақтандырады. Бұл құрылғы жерге қосу контакт құралы мен жерге қосу
ашасы бар сыммен жабдықталған. Ашаны жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына сай
орнатылған және жерге қосылған арнайы розеткаға жалғау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғының жерге қосу контакт құралы дұрыс жалғанбаса, электр тоғына түсу қатері
орын алады. Құрылғының жерге дұрыс қосылған-қосылмағанына күмәндансыңыз, білікті электрик
немесе қызмет көрсету орталығы маманына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша сай
келмесе, ашаға өзгеріс енгізбеңіз.
СУ ҚҰЮ ЖӘНЕ ТӨГУ
Суық суға қосу
Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға жалғап,
оның орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз.
Су құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған болса, су әбден тазарғанша ағызып қойыңыз.
Бұл сақтық шарасы су құятын түтіктің бітеліп, құрылғының бүлініп
қалмауы үшін қажет.
Құрылғымен бірге жеткізілген су құю түтігі аквасейф жүйесімен
жабдықталған. Су құятын түтіктің аквасейф түтігінің шүмекке
жалғанғанына көз жеткізіңіз.
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 36 11/10/2020 11:08:16 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать