Samsung DW60M6050FS [134/224] Шайғыш затты пайдалану

Samsung DW60M6050FS [134/224] Шайғыш затты пайдалану
22_ Жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану
ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
Шайғыш зат сауытын толтыру
Басқару панеліндегі Шайғыш зат толтыру индикатор жанғанда, шайғыш затты толтырыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаңыз тек сұйық шайғыш затты ғана қолданатын етіп жасалған.
Ұнтақ жуғыш затты пайдалансаңыз, сауыттың ернеуі бітеліп, ыдыс жуғыш машина дұрыс жұмыс істемей
қалуы мүмкін.
Шайғыш зат ыдыс жуғыш машинаның жұмыс тиімділігін арттырады.
АБАЙЛАҢЫЗ: Шайғыш зат сауытына әдепкі жуғыш заттарды салмаңыз.
1. Шайғыш зат сауытының қақпағын сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап шешіп алыңыз.
Шайғыш затты таблеткаларға қоссаңыз, кептіру нәтижесі
жақсарады.
2. Шайғыш зат сауытын шайғыш затпен толтырыңыз.
Шайғыш затты толтырғанда бақылау тесігін пайдаланыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: Сауытты деңгейінен асырып толтырмаңыз.
Артық салынған шайғыш зат жуу циклы кезінде төгіледі.
3. Шайғыш зат индикаторын 1 мен 6 аралығындағы санға бұраңыз.
Сан артқан сайын ыдыс жуғыш машина шайғыш затты көп
қолданады. Егер шайғыш зат тетігін оңай айналдыра алмасаңыз,
тиынды қолданып көріңіз.
4. Шайғыш зат сауытының қақпағын сағат тілінің бағытымен бұрап
жабыңыз.
Жуғыш зат пен су
жұмсартқышты қолдану
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 22 11/10/2020 11:07:36 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать