Samsung DW60M6050FS [166/224] Ыдыс жуғыш машинаға арналған сөздік

Samsung DW60M6050FS [166/224] Ыдыс жуғыш машинаға арналған сөздік
54_ Ыдыс жуғыш машинаға арналған сөздік
Ыдыс жуғыш машинаға
арналған сөздік
1. Айналдыру қозғалтқышы
Ыдыс жуғыш машинаның табанында қалған суды және лас суды жоғары
қысымды пайдаланып, үстіңгі, ортаңғы және астыңғы түтіктермен соратын
қозғалтқыш.
2. Су сорғы
Бұл сорғы ыдыс жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда пайда болған лас суды
төгуге арналған.
3. Қыздырғыш
Қыздырғыш ыдыс жуғыш машинаның су өтетін арналарында орналасқан. Бұл
жуу тиімділігін арттыру үшін ағып тұрған суды қыздырады.
4. Су ағысын өлшегіш
Су құятын клапанның қасындағы арна IC импульстарын есептеу арқылы
берілген судың мөлшерін есептейді.
5. Таратқыш
Ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі зумпфтың шығаберіс тұсында орналасқан.
Бұл ыдыс жуғыш машинаның астыңғы бөлігіне баратын суды қосады немесе
сөндіреді. (Осы үлгіде бұл құрал жоқ)
6. Бөлгіш
Жуғыш зат пен шайғыш затты ыдыс жуғыш машина пайдалана алу үшін
сақтайтын жер.
Жуғыш зат пен шайғыш затты үлестіргіш қажетті кезінде ыдыс жуғыш машинаға
автоматты түрде береді.
7. Ыдыстың жақтауы
Тот баспайтын болаттан жасалған, ыдыс жуғыш машинаның негізгі жақтауын
құрастыратын ішкі құрылым.
8. Зумпф жақтауы
Ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі су жиналатын орын. Берілген су айналып
болғаннан кейін осы жерге жиналады.
Зумпф жақтауы айналдыру қозғалтқышы мен су төгетін сорғыға қосылған.
9. Науаның алдыңғы жақтауы Тот баспайтын болаттан жасалған, есіктің ішкі алдыңғы жағының құрылымы.
10. Табан жақтауы Астыңғы жақтауды құрастыратын пластик құрылым.
11. Себет жақтауы Ыдыстарды салуға болатын үстіңгі және астыңғы торлар.
12. Ортаңғы/Астыңғы
түтікшелер
Су түтікшелері арқылы жоғары қысыммен берілетін суды айналдырады және
ыдыстарды жуады.
13. Корпус тежегіші
Жуу және шаю кезінде және сыртқы қысымның әсерінен жоғарылап кететін ішкі
ауаның қысымын реттеуге арналған арна.
14. Есіктің бекітпесі
Ыдыс жуғыш машинаның есігінің ашық немесе ашық емес екенін анықтайды,
егер ыдыс жуғыш жұмыс істеп тұрғанда есік ашық болса, цикл уақытша
тоқтайды.
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 54 11/10/2020 11:08:32 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать