Samsung DW60M6050FS [120/224] Қауіпсіздік нұсқаулары

Samsung DW60M6050FS [120/224] Қауіпсіздік нұсқаулары
8_ Қауіпсіздік нұсқаулары
Кіріктірілген су өткізбейтін жүйе келесі шарттар орындалған жағдайда, құрылғының судан келетін зақымнан
қорғайды:
Ыдсы жуғыш машина дұрыс орнатылған және сантехникалық жұмыстар дұрыс орындалса.
Ыдыс жуғыш машинаға тиісті күтім көрсетіліп, ауыстырылатын бөлшектерін дер кезінде ауыстырып
отырса.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде (мысалы, мереке күндері) бекітпе кранды ажырату керек.
Су өткізбейтін жүйе құрылғы ағытылып тұрған кезде де жұмыс істейді. Дегенмен, құрылғы электр қуатына
қосылып тұруға тиіс.
Зақымдалған құрылғы қауіпті болуы мүмкін. Ыдыс жуғыш машинаға зақым келсе, оны қуат көзінен ағытып,
дилеріңізге немесе қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Рұқсат етілмеген жөндеу жұмыстары күтпеген қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін, мұндай жағдайлар үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді. Жөндеу жұмыстарын рұқсаты бар қызмет көрсету технигі ғана орындауға
тиіс.
Жарамсыз бөлшектерді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерге ауыстыру керек. Осы бөлшектер орнатылғаннан
кейін ғана құрылғының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Техникалық қызмет көрсету үшін ыдыс жуғыш машинаны әрқашан электр желісінен ажыратыңыз (розеткадан
ағытып, ашасын суырыңыз).
Қосылым сымына зақым келсе, оны өндірушіден алуға болатын арнайы кабельге ауыстыру қажет. Қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін бұл жұмысты қызмет көрсету бөлімі немесе уәкілетті қызмет технигі орнатуы керек.
Тарақандарды немесе басқа да зиянкестері бар жерлерде құрылғыны және оның айналасын әрқашан
таза ұстауға ерекше назар аударыңыз. Тарақандар мен басқа да зиянкестерге байланысты туындаған
зақымдардың ешқайсысы кепілдікке жатпайды.
Ақаулық пайда болғанда немесе құрылғыны тазалау кезінде электр қуат көзінен тек төмендегі жағдайларда
ғана толық ағытылды деп есептеу керек:
розеткадан ағытылған және ашасы суырылған болса
қуат көзінен толық ағытылған немесе
желілік сақтандырғыштан ағытылған немесе
бұрама сақтандырғыш алынған (қолданылатын елдерде).
Өндіруші тарапынан рұқсат берілмесе, құрылғыға ешқандай өзгеріс енгізбеңіз.
Құрылғының корпусын / қаптамасын ешқашан ашпаңыз.
Электр қосылымдары немесе компоненттері мен механикалық бөліктері бар бөлшектерді өзгерту өте қауіпті
және ақауларға немесе ток соғуға әкелуі мүмкін.
Құрылғының кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған болса, жөндеу жұмыстарын өндіруші рұқсат берген қызмет
көрсету технигі ғана жүргізуі керек. Басқа жағдайларда кепілдік заңды күшінен айырылады.
Өнімді орнатқанда желдетуді қамтамасыз ету үшін өнімнің үстіңгі, сол, оң және артқы жағынан орын
қалдыруды ұмытпаңыз.
Құрылғы мен раковина арасындағы орын жеткіліксіз болса, раковинаға зақым келуі немесе зең пайда болуы
мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаның кермектік параметрінің тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
(“Су жұмсартқыштың режимі (Судың кермектік деңгейін орнату)” тармағын 19-беттен қараңыз.)
АБАЙЛАҢЫЗ
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпсіздік нұсқаулары
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 8 11/10/2020 11:07:13 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать