Samsung DW60M6050FS [141/224] Келесі ыдыс аяқ ас құралдары ыдыс жуғышпен жууға

Samsung DW60M6050FS [141/224] Келесі ыдыс аяқ ас құралдары ыдыс жуғышпен жууға
Ыдыс жуғыштың сөрелерін толтыру _29
03 ЫДЫС ЖУҒЫШТЫҢ СӨРЕЛЕРІН ТОЛТЫРУ
КЕЛЕСІ ЫДЫС-АЯҚ/АС ҚҰРАЛДАРЫ ЫДЫС ЖУҒЫШПЕН ЖУУҒА:
Жарамайды Жартылай жарайды
Қызуға төзімсіз пластик заттар.
Температураға төзімсіз желімделген бөліктері бар
ескірек заттар.
Буылған ас құралдары немесе ыдыстар.
Қалайы, мыстан жасалған заттар немесе кристалл
стакан.
Тот басатын болат заттар.
Ағаш табақтар.
Синтетикалық талшықтардан жасалған заттар.
Көп жуғаннан кейін кейбір стакандардың өңі кетуі
мүмкін.
Күміс және алюминий бөлшектердің түсі жуған кезде
өзгеруге бейім келеді.
Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш машинада жиі
жуылса әрі кетуі мүмкін.
Темекінің күлі, балауыз, ликер немесе бояу тәрізді заттар ластаған заттарды жууға болмайды. Жаңа ыдыс
сатып алғанда, олардың ыдыс жуғыш машинада жууға жарамдылығын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Ыдыс жуғыш машинада жууға жарамсыз ыдыстарды
салмаңыз. Бұл жуу нәтижесі жақсы болуы және қуатты тиімді тұтыну үшін қажет.
Ыдыстар мен ас құралдарын салған кезде
Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге кедергі жасамауы керек.
Кесе, стакан, кәстрөл, шыны аяқтар, т.с.с. тәрізді шұңғыл ыдыстардың ауыздарын, сауыттың ішіне
немесе ыдыстың түбіне су жиналмау үшін төмен қаратып салыңыз.
Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің үстінде бірі жатпауы керек
Стакандарға зиян келтірмеу үшін, бір-біріне тигізбей салу керек.
Оңай жуылмайтын үлкен заттарды астыңғы сөреге салу керек.
Үстіңгі сөре стакан, кофе мен шай кеселері тәрізді осал әрі жеңілірек ыдыстарды салуға
арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ұшы жоғары қаратылған ұзын пышақтар өте қауіпті!
Ұзын және/немесе өткір ас құралдары, мысалы, жонуға арналған пышақтарды үстіңгі себетке
көлденең салу керек.
Стакандар мен басқа ыдыстарға нұқсан келу
Ықтимал себептері Шешімі
Шынының түрі немесе өндіру үрдісі. Жуғыш
заттың химиялық құрамы.
Судың температурасы және ыдыс жуу
бағдарламасының ұзақтығы.
Өндірушісі “ыдыс жуғыш машинада жууға
болады” деп көрсеткен шыны немесе фарфор
ыдысты ғана қолданыңыз.
“Ыдыстарға жайлы” деп көрсетілген жеңіл
жуғыш заттарды ғана қолданыңыз. Егер қажет
болса, жуғыш зат өндірушісінен қосымша
ақпарат алыңыз.
Жуу температурасы төмен бағдарламаны
таңдаңыз.
Ыдысқа зақым келмес үшін, бағдарлама
аяқталғаннан кейін шыны ыдыс-аяқ пен ас
құралдарын ыдыс жуғыш машинадан дереу
алыңыз.
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 29 11/10/2020 11:08:13 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать