First 5476-2 [33/34] Қазақ

First 5476-2 [33/34] Қазақ
64 65
4. Бу шүмегін сүтке шамамен 2 см малыңыз,
одан кейін бу басқару тетігін сағат тіліне
қарсы баяу бұрыңыз. Бу шығысынан бу
шыға бастайды.
5. Сүтті көпірткенде құманды жоғары және
төмен жылжытып айналдырыңыз.
6. Сүт қажетінше көпіргенде бу басқару тетігін
«өшірулі» позицияға бұрып қойыңыз.
Ескертпе: Бу шығысын бу тоқтай салысымен
дымқыл жөкемен тазалаңыз, бірақ күйіп
қалмаңыз.
7. Көпірген сүтті әзірленген эспрессоға
құйыңыз. Енді капучино дайын. Қалауыңыз
бойынша тәттілендіріп, какао ұнтағын
себіңіз.
8. Қуат түймесін басып, құрылғыны өшіріңіз.
Ескертпе: Бу беру функциясын қолданған
соң, қайта кофе әзірлемес бұрын эспрессо
қайнатқышты салқындатып алу керек. Егер
кофе түймесін басқанда индикатор жылдам
жыпылықтаса, демек бойлер температурасы
тым жоғары. Бұл жағдайда «ЫСТЫҚ СУ БЕРУ»
бөлімінде сипатталғандай ыстық суды ағызып,
температураны төмендету керек.
ЫСТЫҚ СУ БЕРУ
1. Қуат түймесін басып, құрылғыны қосыңыз.
2. Бастапқы қыздыру аяқталғанда кофе
индикаторы тұрақты жанып тұрады.
3. Бу шүмегінің астына құман немесе
шыныаяқ қойып, бу басқару тетігін «ыстық
су» белгісінде максимал позицияға
бұрыңыз.
4. Кофе түймесін басып, машинаның бу
шүмегінен ыстық су ағызыңыз.
5. Кофе түймесін тағы бір рет басып, суды
тоқтатыңыз және бу басқару тетігін
«өшірулі» позицияға бұрып қойыңыз.
АВТОМАТТЫ ӨШІРУ ФУНКЦИЯСЫ
Егер 25 минут ішінде еш әрекет жасалмаса,
құрылғы автоматты түрде өшеді.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Эспрессо қайнатқышты тазалаудан бұрын
желіден ажыратыңыз және әбден суытып
алыңыз.
2. Корпусын, су резервуарын және тамшы
науашасын дымқыл шүберекпен немесе
губкамен тазалаңыз, одан кейін құрғатып
алыңыз.
3. Сүзгі ұстағышты сағат тілімен бұрап
шешіңіз, ішіндегі кофе қалдықтарын түгел
алып тастаңыз, жуғыш затпен тазалап,
сумен жақсылап шайыңыз.
4. Барлық қосымшаларды сумен жуып,
құрғатыңыз.
Назар аударыңыз: Спиртпен немесе
еріткішпен тазаламаңыз. Корпусты ешбір
жағдайда суға малмаңыз.
ҚАҚТАН / МИНЕРАЛДЫ
ШӨГІНДІЛЕРДЕН ТАЗАРТУ
500 цикл жұмыс істегеннен кейін қақтан
тазартуға автоматты түрде ұсыныс
жасалады. Бұл жағдайда бастапқы қыздыру
аяқталғанда барлық индикатор 5 рет жылдам
жыпылықтайды.
1. Резервуарға су мен қақтан тазартқышты
«МАКС» деңгейіне дейін толтырып
құйыңыз. Қақтан тазартқыш нұсқауларын
оқып, араластырғанда дұрыс арақатынасты
сақтауыңызды сұраймыз.
2. «АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА»
тарауындағы 2-8 аралығындағы
қадамдарды су резервуары босағанша
орындаңыз.
3. Су резервуарын мұқият шайыңыз, одан соң
таза су толтырыңыз.
4. Қақтан тазартқыш қалдығынан арылу
үшін, «АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА»
тарауындағы 2-8 аралығындағы
қадамдарды кемінде 3 рет орындаңыз.
Қақтан тазарту туралы ескертуді қайтару:
Қақтан тазартып болған соң қақтан тазарту
туралы ескертуді қайтару үшін, «кофе»
+ «бу» түймелерін 3 секунд бойы бірге
басып тұрыңыз. Барлық индикатор 3 рет
жыпылықтап, қайтару сәтті орындалғанын
растайды.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
220-240 В • 50-60 Гц • 850 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Алғашқы шыны кофенің дәмі міндетті түрде
керемет болу үшін, эспрессо қайнатқышты
ыстық сумен келесідей шаю керек:
1. Алмалы резервуарды шығарып, резервуар
қақпағын ашып, оған су құйыңыз. Су
деңгейі резервуардағы «МАКС» белгісінен
аспауы тиіс. Су резервуарының қақпағын
жауып, оны құрылғыдағы орнына қайта
салыңыз.
2. Сүзгі ұстағышқа сүзгі (кофесіз) салыңыз.
3. Сүзгі ұстағышты құрылғыға «босату»
позициясында салып, «бекіту»
позициясына дейін сағат тіліне қарсы бұрап
бекітіңіз.
4. Тамшы науашасына шыныаяқ қойыңыз.
5. Эспрессо қайнатқышты қуат көзіне
қосыңыз. Бу басқару тетігі «өшірулі»
позицияда тұрғанына көз жеткізіңіз.
6. Қуат түймесін басып, құрылғыны қосыңыз.
Қуат индикаторы жанып, кофе индикаторы
жыпылықтайды. Бастапқы қыздыру
аяқталғанда кофе индикаторы тұрақты
жанып тұрады.
7. Бұдан кейін кофе түймесін басып,
шыныаяққа ыстық су толтырыңыз.
Шыныаяқ толғанда түймені тағы бір рет
басып тоқтатыңыз.
8. Бу шүмегінің астына құман немесе
шыныаяқ қойып, бу басқару тетігін
максимал позицияға дейін бұрыңыз. Кофе
түймесін басып, машинаның бу шүмегінен
ыстық су ағызыңыз. Құман толғанда кофе
түймесін қайта басып, суды тоқтатыңыз.
Бұдан кейін бу басқару тетігін «өшірулі»
позицияға бұрып қойыңыз.
9. Енді құрылғы дәмді кофе қайнатуға әзір.
БАРЛЫҚ БӨЛШЕКТІ АЛДЫН
АЛА ҚЫЗДЫРУ
Нәтиже мейлінше жақсы болу үшін, кофе
қайнатудың алдында машинаны, оған қоса
сүзгі ұстағышты, сүзгі мен шыныаяқты алдын
ала қыздырып алған дұрыс. Осылайша кофенің
дәміне суық бөліктер әсер етпейді.
1. «АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА»
тарауындағы 1-7 аралығындағы
қадамдарды орындаңыз.
2. Бұдан соң эспрессо дайындағанға дейін
ыстық су шыныаяқта тұра берсін. Енді
барлық бөлшек жеткілікті дәрежеде қызған
және керемет кофе рақатын сыйлауға
дайын.
ЭСПРЕССО ДАЙЫНДАУ
1. Сүзгі ұстағышты «бекіту» позициясынан
«босату» позициясына қарай сағат тілімен
бұрап шешіңіз.
2. Сүзгіге өлшегіш қасықпен ұнтақталған кофе
салып, оны тампермен нығыздаңыз.
Ескертпе: Эспрессоны жастықшалар
көмегімен де әзірлеуге болады. Бұл жағдайда
1 шыныаяққа арналған жастықша сүзгісін
қолданыңыз.
3. Толтырылған сүзгі ұстағышты машинаға
қайта салып, орнына бекітіңіз.
4. Бастапқы қыздырудан кейін шыныаяққа
ыстық су құйыңыз, жылыған шыныаяқты
босатып, тамшы науашасына қайта
қойыңыз.
5. Бұл уақытта кофе индикаторы тұрақты
жанып тұруы керек, егер әлі жанбаған
болса, күте тұрыңыз.
6. Бұдан кейін кофе түймесін басып,
шыныаяққа кофе қажетінше толғанша
күтіңіз. Кофе түймесін тағы бір рет басып
тоқтатыңыз.
7. Әр шыныаяқ кофеден кейін сүзгі ұстағышты
шешіп алып, кофе қалдығынан тазартыңыз.
Сүзгіні ағын сумен шайыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кофе жасап жатқанда эспрессо
қайнатқышты қараусыз қалдырмаңыз,
себебі кей жағдайда оның жұмысына өзіңіз
араласуыңыз керек! Бір шыныаяқ кофе ең көбі
60 секундта қайнайды. Егер су сорғысын өзіңіз
тоқтатпаған болсаңыз, осынша уақыттан кейін
ол автоматты түрде тоқтайды.
КАПУЧИНО ДАЙЫНДАУ / СҮТ КӨПІРТУ
Эспрессолы шыныаяққа көпірген сүт құйғанда
бір шыныаяқ капучино шығады.
Сақ болыңыз! Бу беру функциясын
пайдаланғанда сүзгі ұстағышты машинаға салу
керек.
1. Алдымен «ЭСПРЕССО ДАЙЫНДАУ»
тарауында сипатталғандай бір шыныяқ
эспрессо әзірлеңіз.
2. Әзір болғанда бу беру түймесін басыңыз, бу
индикаторы жыпылықтап болып, тұрақты
жанғанша күтіңіз.
3. Дайындалатын әр капучино шыныаяғы
үшін құманға шамамен 100 мл салқын сүт
құйыңыз.
Ескертпе: Құман өлшемін таңдағанда сүт
көлемі шамамен екі есе артатынын ескере
отырып, диаметрі кемінде 70 мм болатынын
таңдаған дұрыс. Құман биіктігі жеткілікті
екеніне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ

Содержание

Скачать