Maxwell MW-3007 [14/36] Қазақша

Maxwell MW-3007 [14/36] Қазақша
14
ҚАЗАҚША
ҮТІК MW-3007
Үтік киімді, төсек жайманы үтіктеуге және ма-
таларды тік булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Су шашыратқышы
2. Су құятын саңылаудың қақпағы
3. «Тұрақты бу беру/өздігімен тазалану»
ауыстырғышы
4. Қосымша бу беру батырмасы
5. Су шашыратқышының батырмасы
6. Сап
7. Қыздырғыш элементтің іске қосылу/сөну
көрсеткіші
8. Желілік баудың қорғанысы
9. Үтіктің негізі
10. Суға арналған сауыты
11. Температура реттегіші
12. Судың максималды деңгейінің көрсеткіші
13. Үтіктің табаны
14. Өлшеуіш стақан
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру
тізбегінде номиналды іске қосылу тогы 30 мА
аспайтын қорғаныс сөндіру құрылғысын (ҚСҚ)
орнатқан дұрыс, ҚСҚ-ны орнату үшін маманға
хабарласыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдаланбас бұрын, осы пай-
далану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық материал ретінде пай-
далану үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны осы
нұсқаулықта баяндалғандай тікелей мақсаты
бойынша ғана пайдаланыңыз.Аспапты
дұрыс қолданбау оның бұзылуына және
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін.
Алғашқы іске қосу алдында, электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Желілік бау «евроайыртетікпен» жабдық
талған; оны жерге сенімді қосылған байланы-
сы бар электр ашалығына қосыңыз.
Өрттің пайда болу тәуекеліне жол бер-
меу үшін құрылғыны электрлік ашалыққа
қосқан кезде ауыстырғыштарды пайда
ланбаңыз.
Электр желісі шапмадан тыс жүктелмеуі
үшін үлкен қуатты тұтынатын бірнеше
құрылғыны бір мезгілде қоспаңыз.
Құрылғыны бөлмеден тыс жерде пайда
ланбаңыз.
Үтікті жазық тұрақты бетке қойыңыз немесе
үтіктеу тақтасында пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтік беттері
жұмыс уақытында қызады. Күйік алуға
жол бермеу үшін, терінің ашық беттері
бөліктерінің үтік бететрімен неме-
се шығатын бумен жанасуына жол
бермеңіз.
Суға арналған сауытқа хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крах-
мал ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және
т.с.с. құюға тыйым салынады.
Құрылғыны сепкіштер себілетін немесе тез
тұтанатын сұйықтықтар пайдаланылатын
жерлерде іске қоспаңыз.
Үтік табанының күюге қарсы қабатының
бүлінуіне жол бермеу үшін металл
сырғымасы немесе металл түймелері бар
заттарды үтіктеген кезде сақ болыңыз.
Желілік баудың үтіктеу тақтасының шетінен
салбырап тұрмауын және ыстық беттерге
тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Желіге қосылған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс кезіндегі үзілістер
және салқындау уақытында үтікті негізіне
(тік күйінде) қойыңыз.
Үтікті электрлік желіге қосу/ажырату алдын-
да температура реттегішін минималды
күйіне белгілеңіз және тұрақты бу беруді
сөндіріңіз.
Егер сіз үтікті пайдаланбайтын болсаңыз
оны міндетті түрде электрлік желіден
ажыратыңыз.
Сауытты сумен толтырғанда желілік
баудың айыртетігін міндетті түрде электрлік
ашалықтан суырыңыз.
Су құятын саңылаудың қақпағы үтіктеу
уақытында жабық болуы керек.
Үтікті электр желісінен сөндірген кезде
әрқашан желілік айыр тетіктен ұстаңыз,
ешқашан желілік баудан тартпаңыз.
Электр тоғы соққысын болдырмау үшін,
үтікті суға немесе кезкелген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз.
Үтікті жинап қоюға дейін судың қалдығын
төгіңіз және оған толық салқындауға уақыт
беріңіз.
Үтікті желіден ажыратқаннан кейін ғана
суды төгіңіз.

Содержание

Скачать