Maxwell MW-3007 [16/36] Қазақша

Maxwell MW-3007 [16/36] Қазақша
16
ҚАЗАҚША
СУДЫ ТАҢДАУ
Суға арналған сауытты (10) толтыру үшін
құбырдағы суды пайдалануға болады.
Егер құбырдағы су кермек болса, дистиль-
денген немесе минералсыздандырылған суды
пайдалаңыз, бұл үтіктің қызмет ету мерзімін
ұзартады.
Ескерту: Суға арналған сауытқа (10) хош
иістендіргіш сұйықтықтарды, сірке суын,
крахмал ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және
т.с.с. құюға тыйым салынады.
САУЫТҚА СУ ТОЛТЫРУ
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Температура реттегішін (11) «OFF» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3) күйіне
белгілеңіз.
Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
Суға арналғансауытқа (10) суды құйыңыз,
қақпақты (2) тығыз жабыңыз.
Ескерту:
«MAX» белгісінен (12) жоғары суды тол-
тыр маңыз.
Егер үтіктеу кезінде суды толтыру керек
болса, онда үтікті сөндіріңіз де, желілік
бау айыртетігін электр ашалығынан
суырыңыз.
Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз,
желілік бау айыртетігін электр
ашалығынан суырыңыз, оның толық
салқындауын күтіңіз, одан кейін құятын
саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз, үтікті
төңкеріңіз және қалған суды төгіңіз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
Қолдану алдында, үтіктің табаны (13) және суға
арналған сауыт (10) таза екеніне көз жеткізу
үшін қызған үтікті матаның кішкентай бөлігінде
тексеріңіз.
Әрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің
ұсынылған температурасы көрсетілген
бұйымның жапсырмасын қараңыз.
Егер бұйым белгішесінде таңбасы
болса, онда берілген бұйымды үтіктеу
ұсынылмайды.
Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар
тілше жоқ болса, бірақ сіз материалдың
түрін ажырата алсаңыз, онда температура-
ны таңдау үшін кестеге қараңыз.
Үтіктеу температурасын таңдау кестесі
БЕЛГІ-
ЛЕУЛЕР
ТЕМПЕРАТУРА
FABRIC
TYPE
МАТАНЫҢ
ТҮРІ
OFF Үтік өшіру - -
төмен
температура
(75110 °С)
synthetics,
nylon,
acrylic,
polyester
синтетика,
нейлон,
акрил,
полиэстер
••
орташа
температура
(105155 °С)
silk/wool жібек/жүн
•••
(max)
жоғары
температура
(145205 °С)
cotton/
linen
мақта/
зығыр
Бұл кесте тек тегіс материалдарға арналған.
Егер материал басқа түрлі офрленген,
кедірбұдырлы және т.б.) болса, онда оны
төменгі температурада үтіктеген жөн.
Алдымен киімдерді үтіктеу температура-
сы бойынша сұрыптап алыңыз: синтетика-
ны синтетикаға, жүнді жүнге, мақтаны
мақтаға және т.с.с.
Үтіктің қызуы, оның салқындауына
қарағанда тез. Сондықтан алдымен, төмен
температурадағы киімдерді үтіктеп алған
жөн (мысалы, синтетикалық маталар).
Содан кейін анағұрлым жоғары температу-
ра кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн).
Мақта мен зығыр бұйымдарын соңғы кезек-
те үтіктеңіз.
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым 60% полиэстерден
және 40% мақтадан құралса, онда оны поли
эстерге сәйкес температурада үтіктеу
қажет «»).
Егер сіз матаның құрамын анықтай
алмасаңыз, онда киімнің киген кезде көзге
түсе қоймайтын жерін тауып алыңыз да,
тәжірибелік жолмен үтіктеу температруа-
сын таңдаңыз (үнемі ең төменгі температу-
радан бастаңыз да, қалаған нәтижеге қол
жеткізгенге дейін оны көбейте беріңіз).
Вельветті және басқа да тез түгі түсетін
маталарды қатаң түрде бір бағытта ғана
(түктің бағытына қарай) сәл батыңқырап
үтіктеу керек.
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуына жол бер-
меу үшін оларды астары жағынан үтіктеген
жөн.

Содержание

Скачать