Philips FC6726/01 [30/42] Қазақша

Philips FC6726/01 [30/42] Қазақша
Қазақша
30
Қазақша
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынған қолдау көрсету қызметін толықтай
қолдану үшін, өнімді www.philips.com/MyVacuumCleaner сайтында тіркеңіз.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты сорғызбаңыз. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін, оның суығанын
күтіңіз.
- Құралды немесе адаптердісуға немесе кез келген басқа сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз және ағынды судың астына шаймаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Құралды пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз. Егер құрал немесе адаптер зақымдалған болса, оларды қолданбаңыз.
Зақымдалған бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
- Адаптерде трансформатор бар. Басқа ашамен ауыстыру үшін, адаптерді кеспеңіз, бұл қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету
қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Магниттік зарядтау дискісін үнемі өте кішкентай балалардан алыс ұстаңыз.
- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
- Егер құралы бірақ уақыт пайдаланылмаса, адаптерді ажыратыңыз.
- Құрылғыны бір айдан аса уақыт (пайдаланбай немесе зарядтамай) сақтағанда, батареяның кемінде 50% зарядталғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны зарядсыз батареямен сақтау салдарынан батареяға келген зақым жөнделмеуі мүмкін.
- Сондай-ақ құрылғы сақталған кезде, адаптердің ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
- FC6726, FC6723, FC6722 түрлері үшін: Моторлы щетканың басқа құралдардың желілік сымдарының үстімен қозғалуына жол бермеңіз,
себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.
- FC6726, FC6723, FC6722 түрлері үшін: Бос киімді, шашты және дене бөліктерін моторлы щеткалардан алыс ұстаңыз.
- Құрал істеп тұрғанда желдету саңылауларын жаппаңыз немесе құлыптамаңыз.
- Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты құрылыс қалдығын, цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және
ұқсас заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты сүзгілерсіз қолдануға болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың
қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей
тазалаңыз. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш
құралдармен тазаламаңыз.
- Құралды тек қана адаптердің көмегімен зарядтаңыз. Тек 25 В ZD12D250050EU немесе 29 В ZD12D290050EU адаптерін пайдаланыңыз.
Адаптерден тиісті адаптер нөмірін табуға болады.
- Өнімді тек 5°C және 40°C аралығындағы температурада зарядтаңыз, қолданыңыз және сақтаңыз.
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге,
зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері күйде зарядтауға болмайды.
- Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура әсеріне ұшыратуға болмайды.
- Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт алса, өнімді пайдалану мен
зарядтауды тоқтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз.
- Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық плитаға салуға болмайды.
- Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден сумен жақсылап шайып, медициналық
көмекке жүгініңіз.
- Бұл өнімде қайта зарядталатын батарея бар. Батареяны тек білікті қызмет инженерлері ауыстыруы мүмкін.
- Енді қайта зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты жылдам таусыла бастағанда құралды өкілетті Philips қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
- Зақымдап алмас үшін, шаң контейнерінде сүзгі жоқ болған жағдайда құралды пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз
- Зарядталып жатқанда адаптер шамалы ысып кетеді. Бұл қалыпты жағдай.
- Құралды розеткаға қосуды, ажыратуды немесе пайдалануды ылғалды қолдармен орындамаңыз.
- Адаптерді сымынан (сурет 1) тартумен қабырға розеткасынан алмаңыз. Зарядтауға арналған зарядтау станциясын пайдаланбаған кезде
магниттік зарядтау дискісін құрылғыдан (сурет 2) ажырату арқылы құрылғыны үнемі розеткадан ажыратыңыз.
- Қолданып болған соң және зарядтамас бұрын, құралды әрдайым өшіру керек.
- Шаңды сорғызып жатқанда, пайдаланылған ауаны шығаратын тесіктерді жаппаңыз.
- Шаң контейнерін және шаң контейнері қақпағын ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз. Оларды ыдыс жуу машинасында жууға
болмайды.
- Жұмыс өнімділігін арттыру үшін сүзгіні екі аптада бір рет қолмен жуыңыз. Су тазарғанша сығыңыз. Қайта пайдаланудың алдында сүзгіні
24 сағат кептіріп қойыңыз.
- Сүзгіні қыратын шүберектермен немесе абразивті тазалау құралдарымен тазалауға болмайды.
- Шаңсорғышты үнемі жиналған сүзгімен қолданыңыз.
- Сүзгіні сумен тазаласаңыз, шаң контейнеріне қайта салар алдында оның толығымен құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз. Сүзгіні тікелей күн
сәулесінде, радиаторда немесе кептіргіш барабанда кептірмеңіз.
- Сүзгіні қайтып дұрыстап тазалау мүмкін болмаса немесе зақымданса (көріңіз 'Керек-жарақтарға тапсырыс беру'), оны ауыстырыңыз.
- Құралдың қабырғаға тіркелген зарядтау станциясымен пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сай орнатылғанын тексеріңіз.
- Ток соғу қаупін болдырмау үшін зарядтау станциясын тіркеу мақсатында қабырғада тесік жасаған кезде абай болыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Керек-жарақтарға тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін, www.philips.com/parts-and-accessories сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін
халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Өңдеу
- Бұл белгі электр өнімдері мен батареяларды күнделікті үй қоқыстарымен (сурет 3) бірге тастауға болмайтынын білдіреді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать