Samsung MG20A7118AW/BW [70/156] Микротолқынды пешті пайдалану

Samsung MG20A7118AW/BW [70/156] Микротолқынды пешті пайдалану
18Қазақ
Микротолқынды пешті пайдалану
Микротолқынды пешті пайдалану
Пісіру уақытын реттеу
Микротолқынды пеш тағам пісіріп тұрған кезде, пісіру уақытын көбейтуге немесе азайтуға
болады.
Тағамның қалай пісіп жатқанын көру үшін есікті кез келген уақытта ашып қарауға болады,
егер қажет болса пісіру уақытын көбейтіңіз немесе азайтыңыз.
1-ші тәсіл
Пісіру уақытын 30 секундқа көбейту үшін
СТАРТ/+30сек (БАСТАУ/+30сек) түймесін басыңыз.
Мысалы: Үш минут қосу үшін СТАРТ/+30сек
АСТАУ/+30сек) түймесін алты рет басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Пісіру уақытын тек көбейтуге болады.
2-ші тәсіл
Пісіру уақытын реттеу үшін < немесе > (Азайту/
Қосу) түймесін басыңыз.
Пісіруді тоқтату
Келесі әрекетті орындау үшін тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатуға болады:
Тағамды тексеру
Тағамды аудару немесе араластыру
Қоя тұру
Тағам пісіруді уақытша тоқтату үшін
1. Есікті ашыңыз немесе СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/Эко) түймесін бір рет басыңыз.
Тағам пісіру уақытша тоқтайды.
2. Тағам пісіруді жалғастыру үшін есікті жауып, СТАРТ/+30сек (БАСТАУ/+30сек) түймесін
басыңыз.
Тағам пісіруді мүлдем тоқтату үшін
1. Есікті ашыңыз немесе СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/Эко) түймесін бір рет басыңыз.
Тағам пісіру уақытша тоқтайды.
2. СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/Эко) түймесін қайта басыңыз.
Қуатты үнемдеу режимін орнату
Микротолқынды пештің қуатты үнемдеу режимі бар.
СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/Эко) түймесін басыңыз.
Басқару панелінің дисплейі сөнеді.
Қуат үнемдеу режимінен бас тарту үшін
есікті ашыңыз немесе СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/
Эко) түймесін басыңыз. Басқару панелінің
дисплейінде ағымдағы уақыт көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
Қуатты авт. түрде үнемдеу функциясы
Параметрдің ортасында 25 минут ішінде ешбір функцияны таңдамасаңыз немесе әрекетті
тоқтатсаңыз, құрылғы күту режиміне оралады. Сонымен қатар егер пештің есігін ашып қойсаңыз,
ішкі шам 5 минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать