Samsung MG20A7118AW/BW [71/156] Жылдам жібіту функциясын пайдалану

Samsung MG20A7118AW/BW [71/156] Жылдам жібіту функциясын пайдалану
Қазақ19
Микротолқынды пешті пайдалану
Жылдам жібіту функциясын пайдалану
Жылдам жібіту функциясы етті, құс етін, балықты, жеміс-жидекті жібітуге көмектеседі. Жібіту
уақыты мен қуат мәні автоматты түрде орнайды. Тек бағдарлама мен салмақты таңдасаңыз
жеткілікті.
АБАЙЛАҢЫЗ
Микротолқынға төзімді сауыттарды ғана пайдаланыңыз.
3
1. Микротолқынды пештің есігін ашу үшін түймені
басыңыз.
2. Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына
қойыңыз да, есікті жабыңыз.
3. Ускоренная разморозка (Жылдам жібіту)
режимін басыңыз.
4. Тағам түрін таңдау үшін < немесе > (Азайту/
Қосу) түймесін, содан кейін OK түймесін
басыңыз.
Қосымша ақпарат үшін “Жылдам жібіту
бағдарламасының сипаттамасы
тарауын 19 - беттен қараңыз.
5. Тағам тарту мөлшерін орнату үшін < немесе >
(Азайту/Қосу) түймесін, содан кейін OK
түймесін басыңыз.
6
7
6. Тағамды жібіте бастау үшін СТАРТ/+30сек
АСТАУ/+30сек) түймесін басыңыз.
Микротолқынды пештен сигнал естілген
кезде есікті ашып, тағамды аударыңыз.
7. Есікті жауып, тағамды жібіту үшін
СТАРТ/+30сек АСТАУ/+30сек) түймесін
басыңыз.
Тағамды жібіту уақыты аяқталғанда,
микротолқынды пеш 4 рет сигнал береді
және басқару панелінің дисплейінде
ағымдық уақыты көрсетіледі. Содан кейін
пісіру циклінің соңы туралы сигналы
3 рет минутына бір реттен естіледі.
Жылдам жібіту бағдарламасының сипаттамасы
Төмендегі кестеде әр түрлі Жылдам жібіту бағдарламалары, тағамның үстелге тартылатын
мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті нұсқаулар берілген. Тағамды жібітудің алдында орам
материалдарының барлығын алыңыз. Етті, құс етін, балықты, жеміс/жидекті жалпақ шыны
ыдысқа немесе керамика табаққа салыңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Нұсқаулар
1
Ет
200-1500 г Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз. Уақыттың
жартысы өткенде етті аударыңыз. Бұл сиыр, қой, шошқа
етін, стейк, туралған ет, фаршталған етті пісіруге жарайтын
бағдарлама.
20-60 минут қоя тұрыңыз.
2
Құс еті
200-1500 г Сирақтары мен қанаттарының ұшын алюминий фольгамен
жабыңыз. Уақыттың жартысы өткенде құс етін аударыңыз.
Бұл бүтін тауықты да, сонымен қатар бөлшектелген тауық
етін де пісіруге жарайтын бағдарлама.
20-60 минут қоя тұрыңыз.
3
Балық
200-1500 г Бүтін балықтың құйырығын алюминий фольгамен жабыңыз.
Уақыттың жартысы өткенде балықты аударыңыз. Бұл
бүтін балықты да, балық филесін де пісіруге жарайтын
бағдарлама.
20-60 минут қоя тұрыңыз.
4
Жеміс/
Жидек
100-600 г Жемістерді шыны табаққа біркелкі таратып салыңыз. Бұл
жемістердің барлық түрлеріне сай келетін бағдарлама. 5-30
минут қоя тұрыңыз.
4
5

Содержание

Похожие устройства

Скачать