Samsung MG20A7118AW/BW [80/156] Микротолқынды пешті пайдалану

Samsung MG20A7118AW/BW [80/156] Микротолқынды пешті пайдалану
28Қазақ
Микротолқынды пешті пайдалану
Микротолқынды пешті пайдалану
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
3-4
Тауық етінен
жасалған көже
350 г Вермишель – 10 г, тауықтың қоң еті – 50 г, туралған
сәбіз – 15 г, ұзыншалап туралған пияз – 10 г, тауық
сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су -
440 мл
Нұсқаулар
Үлкен шараға вермишельді салыңыз да, қайнаған сорпаны құйыңыз.
Қалған құраластардың барлығын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз
да, пісіре бастаңыз.
3-5
Щи
250 г 01 Шошқаның туралған мойыны - 170 г,
ұзыншалап туралған пияз - 20 г, тауық сорпасы
немесе құрғақ концентрат қосылған су - 100 мл
02 Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 5 г, қызанақ
езбесі - 15 г, су - 50 мл, тұздалған, үккіштен
өткізілген қияр - 30 г
Нұсқаулар
Шара іспетті табаққа ет пен пиязды салыңыз да, сорпаны құйыңыз.
(1) Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал естілген кезде аударыңыз да, (2)
көкөністі, сорпа мен етті "тұздықпен араластырыңыз". Араластырып,
пісіруді жалғастырыңыз.
3-6
Көкөніс сорпасы
350 г Мұздатылған көкөністер – 150 г, көкөніс сорпасы
немесе құрғақ концентрат қосылған су - 300 мл
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны
құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
3-7
Кәріс рамён
кеспесі
120 г
(1 орам)
Кәріс рамён кеспесі 1 орам, су (бөлме
температурасында) – 550 мл
Нұсқаулар
Орамды ашып, кеспені салыңыз, судың барлығын құйып (550 мл),
микротолқынға төзімді шыныаяққа құйыңыз. Жақсылап араластырыңыз.
Таспамен жауып, бірнеше жерінен тесіңіз. Содан кейін микротолқынды
пешке салып, пісіре бастаңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
3-8
Тұшпарасы бар
сорпа
185 г
(15 дана)
Мұздатылған түшпара – 15 дана (біреуі 10-12 г),
тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған
су - 600 мл, бүтін қара бұрыш – 3-5 дана, лавр
жапырағы – 1 дана.
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны
құйыңыз. Әбден араластырыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал
естіле сала аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз.
3-9
Қарақұмық
200 г Қарақұмық – 100 г, тұз – 2 г, қайнаған су – 300 мл
Нұсқаулар
Шыныаяқ тәрізді ыдысқа қарақұмық мен тұзды салыңыз. Қайнап тұрған
судан қосып, жақсылап араластырыңыз. Пісіре бастаңыз.
4. Сусындар
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
4-1
Лимон және
жалбыз
қосылған шай
200-250 мл Су - 200 мл, жапырақ шай - 0,5 шай қасық, лимон -
1 тілім, жалбыз - бірнеше жапырақ
Нұсқаулар
Шай жапырақтарын, 1 тілім лимон және жалбыз жапырақтарын суға
қосыңыз. Қақпақ жаппай қыздырыңыз. Пешке қоя тұрыңыз. Кесені алған
кезде абайлаңыз. Сүзіңіз.
4-2
Ыстық шарап
линтвейн)
150-200 мл Құрғақ қызыл шарап - 150 мл, апельсин - 20 г, лимон
- 10 г, қант - 10 г, дәмқабық - 1 тал, сарымсақ түйірі
- 1 г
Нұсқаулар
Барлық құраластарды араластырыңыз. Қақпақ жаппай қыздырыңыз.
Қайнатпаңыз. Пешке қоя тұрыңыз. Кесені алған кезде абайлаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать