Samsung MG20A7118AW/BW Руководство по эксплуатации онлайн [73/156] 785861

Samsung MG20A7118AW/BW Руководство по эксплуатации онлайн [73/156] 785861
Қазақ21
Микротолқынды пешті пайдалану
Келесі кестеде шамамен 76 алдын ала бағдарламаланған пісіру функциялары үшін тағам
мөлшері және тиісті нұсқаулар берілген.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағамды алған кезде тұмшапеш қолғабын киіңіз.
Орыс дәстүрімен пісіру рецептісі бағдарламасының сипаттамасы
1. Үй десерті
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-1
Жаңғақ торты
1 порция 120 г ұн, 150 г сары май, 100 г қоңыр қант, 2 дн
жұмыртқа, 50 г грек жаңғағы (ұсақталған), 4 г
қопсытқыш ұнтақ
Нұсқаулар
1. Шараға сары май мен қоңыр қантты салыңыз.
2. Жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырыңыз.
3. Ұнға қопсытқыш ұнтақты қосып, араластырыңыз.
4. Грек жаңғағын қосып, жақсылап араластырыңыз.
5. Қоспаны майланған шыны немесе пластик шараға құйыңыз.
6. Шараны микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-1].
7. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-2
Банан қосылған
нан
1 порция
(6 дана)
3 дана банан, 120 г құймақ қоспасы, 120 г сүт, 1 дн
жұмыртқа, 2 ас қасық уыт сиробы.
Нұсқаулар
1. Бананды тураңыз.
2. Шараға құймақ қоспасын, сүтті, жұмыртқаны және уыт сиробын
құйыңыз.
3. Бананды қосып, жақсылап араластырыңыз.
4. Қоспаны 6 қағаз тостаққа құйыңыз.
5. Қағаз тостақтарды микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен
пісіру рецептісін таңдаңыз [1-2].
6. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-3
Көтеріліп піскен
торт
1 порция 170 г ұн, 50 г сары май, 150 г қант, 3 дн жұмыртқа,
10 г қопсытқыш ұнтақ
Нұсқаулар
1. Шараға сары май мен қантты салыңыз.
2. Жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырыңыз.
3. Ұнға қопсытқыш ұнтақты қосып, араластырыңыз.
4. Қоспаны майланған шыны немесе пластик шараға құйыңыз.
5. Шараны микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-3].
6. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-4
Брауни
1 порция 90 г ұн, ½ кесе сары май (еріген), 230 г қант, 2 дн
жұмыртқа, 40 г какао ұнтағы
Нұсқаулар
1. Шараға сары майды, шайқалған жұмыртқаны және қантты салыңыз.
2. Ұнға какао ұнтағын қосып, араластырыңыз.
3. Қоспаны майланған шыны немесе пластик шараға құйыңыз.
4. Шараны микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-4].
5. Пісіріп болғаннан кейін, 20-30 минут қоя тұрыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать