Samsung MG20A7118AW/BW Руководство по эксплуатации онлайн [77/156] 785861

Samsung MG20A7118AW/BW Руководство по эксплуатации онлайн [77/156] 785861
Қазақ25
Микротолқынды пешті пайдалану
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
2-15
Котлета
114 г
(2 дана)
01 Ақ нан - 10 г, сүт - 15 мл
02 Тартылған шошқа еті мен сиыр еті - 120 г, тұз -
2 г, қара бұрыш - 1 г
03 Нанның қоқымдары - 5 г
Нұсқаулар
Нанға(01) сүт тамызыңыз. Тартылған етке қосып, жақсылап
араластырыңыз. Дәмдеуіштерді салыңыз(02). Екі домалақ жасап, үстіне
нан қоқымдарын(03) себіңіз. Табаққа салыңыз. Пісіре бастаңыз.
2-16
Картоп пісірмесі
140-180 г
(1-2 дана)
Ірі картоп – 160-200 г, 1 - 2 дана
Нұсқаулар
Картоптарды жуып, қабығын шанышқымен тесіңіз. Микротолқынды пешке
салыңыз. Пісіре бастаңыз. Үстелге тартар алдында сарымай немесе
қышқыл қаймақ немесе ірімшік не т.с.с. қосыңыз.
2-17
Рататуй
260 г Текшелеп туралған асқабақ – 100 г, текшелеп
туралған сәбіз – 60 г, текшелеп туралған болғар
бұрышы – 75 г, текшелеп туралған пияз – 45 г,
туралған сарымсақ – 6 г, қызанақ езбесі – 10г,
(дәмдеу үшін орегано және базилик), көкөніс
сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған су -
150 мл
Нұсқаулар
Барлық құраластарды шара іспетті табаққа салыңыз. (Орегано және
базиликті қосыңыз). Жақсылап араластырыңыз. Пісіре бастаңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
2-18
Ескі орыс
дәстүрімен
пісірілген балық
340 г 01 Ұзыншалап туралған қызылша – 30 г,
ұзыншалап туралған сәбіз – 30 г, ұзыншалап
туралған пияз – 15 г, балық\тауық сорпасы
немесе құрғақ концентрат қосылған су - 200 мл
02 Тұздыққа арналған қоспа: Бидай - 10 г, қызанақ
езбесі - 10 г, қышқыл қаймақ - 30 г, су - 50 мл
03 Сазан немесе алабұға қоң еті – 150 г, лавр
жапырағы – 1 жапырақ
Нұсқаулар
Үлкен шара іспетті табаққа құраластардың барлығын салыңыз да,
қайнаған сорпаны құйыңыз. (01) Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал
естіле сала, тұздыққа арналған қоспаларды көкөністерге және сорпаға
араластырыңыз (02). Балық пен лавр жапырағын қосыңыз (03). Пісіру
үрдісін жалғастырыңыз.
2-19
Мұздатылған
пицца
350 г Мұздатылған пицца – 350 г
Нұсқаулар
Балауыз қағазға қойылған, мұздатылған пиццаны гриль торына қойыңыз.
Пісіре бастаңыз.
2-20
Арқан балық
кәуабы
280 г Ірі туралған арқан балық - 350-370 г, лимон - 25 г
(шырынын сығыңыз), тұз - 5 г, май - 10 г, туралған
балдыркөк - 10 г, істіктер.
Нұсқаулар
Барлық қоспалар мен балықты араластырыңыз. 15-20 мин тұздықтаңыз.
Істіктерге шаншыңыз. Табаққа салып, гриль торына қойыңыз. Пісіре
бастаңыз.
2-21
Боярлар еті
260 г Шошқаның мойыны - 280 г, 4-ке бөлінген, тұз - 2 г,
қара ұнтақ бұрыш - ½ г, шампиньон тілімдері - 45 г,
майонез - 55 г
Нұсқаулар
Етке дәмдеуіштер қосыңыз. Етті табаққа салыңыз. Табақты гриль
торының үстіне қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал естіле
салысымен, еттің үстіне шампиньондарды салып, үстіне майонез
құйыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать