Samsung WW90A6S44AE/LD [105/220] Кір жуу туралы кеңес

Samsung WW90A6S44AE/LD [105/220] Кір жуу туралы кеңес
Қазақ
Қазақ29
Кір жуу туралы кеңес
ҚАДАМ: 1 Сұрыптау
Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:
Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды талшық түрлеріне
бөліп сұрыптаңыз.
түсі: Ақ киімдерді түрлі түсті киімдерден бөліңіз.
Көлемі: Барабанға әр түрлі киімдерді араластырып салғанда жуу нәтижесі жақсарады.
Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды, таза, жаңа жүн мата, перде және жібек матаға арналған
баппен жуу циклымен жеке жуыңыз. Жуылатын киімдердің затбелгілерін қараңыз.
ЕСКЕРІМ
Киімдердің затбелгілерін міндетті түрде қарап, жуу алдында тиісінше сұрыптаңыз.
ҚАДАМ: 2 Қалталарды босату
Киімдердің барлығының қалталарын босатыңыз.
Киімдегі тиын, түйреуіш және қапсырма тәрізді темір заттар басқа киімдерге, сонымен қатар барабанға
зақым келтіруі мүмкін.
Түймелері және жиектемелері бар киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
Шалбарлардың немесе күртешелердің тартпалары жуған кезде салынбай тұрса, барабанға зақым келуі
мүмкін. Тартпаларды салып, баумен бекіту керек.
Ұзын бауы бар киімдер басқа киімдерге байланып қалуы мүмкін. Киімнің бауларын жумай тұрып міндетті
түрде байлаңыз.
ҚАДАМ: 3 Кір жууға арналған торды пайдалану
Төс тартқышты (машинамен жуылатын) кір жууға арналған торға салу керек. Төс тартқыштың темір
бөліктері тесіп, басқа кірлерді бүлдіруі мүмкін.
Нәски, қолғап, шұлық және бет орамал тәрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің арасына қыстырылып қалуы
мүмкін. Оларды кір жууға арналған торға салыңыз.
Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз. Себебі машина қалыптан тыс дірілдеп, орнынан жылжып,
адам жарақат алуы мүмкін.
ҚАДАМ: 4 Алдын ала жуу (қажет болса)
Кір қатты кірлеген болса, таңдалған цикл үшін Алдын ала жуу опциясын таңдаңыз. Жуғыш зат барабанға
қолдан салынған болса, Алдын ала жуу функциясын пайдаланбаңыз.
Untitled-14 29 2022-02-16  7:15:36

Содержание

Скачать