Samsung WW90A6S44AE/LD [98/220] Орнату

Samsung WW90A6S44AE/LD [98/220] Орнату
Қазақ
Орнату
Қазақ22
ҚАДАМ: 4 Су түтігін жалғау
Жинақпен берілген су түтігі үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Су түтігіне қатысты берілген
нұсқауларды орындаңыз.
Бұрамалы су кранына жалғау
1. Су түтігін су кранына жалғаңыз да, оңға қарай бұрап
қатайтыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су түтігін жалғау алдында түтік жалғағыштың резеңке
шығырығы бар екеніне көз жеткізіңіз. Шығырығы
болмаса немесе оған зақым келсе, онда түтікті
пайдаланбаңыз.
2. Су түтігінің екінші ұшын кір жуғыш машинаның
артында орналасқан су құятын клапанға жалғаңыз да,
оны оңға қарай бұрап қатайтыңыз.
3. Судың шүмегін ақырындап ашыңыз да, қосылған
жерлерден ешбір су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су жылыстап аққанын байқасаңыз, 1-ші және 2-ші
қадамдарды қайталаңыз.
ЕСКЕРТУ
Су жылыстап ақса, кір жуғыш машинаны пайдалануды тоқтатыңыз да, электр көзінен ағытыңыз. Егер
қосылымнан су ақса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе су кранынан су ақса,
сантехникке хабарласыңыз. Бұлай істемеген жағдайда электр қатері орын алуы мүмкін.
Untitled-14 22 2022-02-16  7:15:33

Содержание

Скачать