Samsung WW90A6S44AE/LD [84/220] Орнатуға қатысты ескертулер

Samsung WW90A6S44AE/LD [84/220] Орнатуға қатысты ескертулер
Қазақ
Қауіпсіздік ақпараты
Қазақ8
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.
Ашаны розеткадан, ашаның өзінен ұстап суырыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.
Уәкілетті емес қызмет провайдерінің жөндеуінен соң, өздігінен немесе кәсіби емес жөндеуден өткізгеннен
кейін, Samsung бұйымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету нұсқауларын мұқият орындамауға
қатысты кез-келген әрекеттен туындаған зақымға, жарақатқа немесе өнімнің қауіпсіздігіне байланысты
кез келген жауапкершілікке жауапты емес. Samsung корпорациясының сертификатталған қызмет
провайдерінен басқа кез-келген адамның өнімді жөндеуге тырысқаны салдарынан болған өнімге
келтірілген зиян кепілдікке кірмейді.
Орнатуға қатысты ескертулер
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек.
Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыны салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз.
Бұлай істемеу салдарынан діріл, қозғалыс, шу немесе құрылғыға қатысты мәселелер туындауы мүмкін.
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр және сумен жабдықтау желілерінен ағытыңыз да,
жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін.
Егер құрылғы бөтен шу, жанған иіс немесе түтін шығарса, ток сымын дереу суырып, ең жақын қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол тигізбей, бөлмені
дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.
Желдеткішті қолданбаңыз.
Ұшқын жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құралды тастамас бұрын, кір жуғыш машина есігінің тұтқасын алыңыз.
Құрылғы ішінде қалып қойса, балалар қайтыс болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаны қолданар алдында, табанындағы орам материалдарын (жөке, көбікті текше) алыңыз.
Untitled-14 8 2022-02-16  7:15:31

Содержание

Скачать