Samsung WW90A6S44AE/LD [108/220] Жуғыш зат үлестіргішіне қатысты нұсқаулар

Samsung WW90A6S44AE/LD [108/220] Жуғыш зат үлестіргішіне қатысты нұсқаулар
Қазақ
Іске кірісу алдында
Қазақ32
Жуғыш зат үлестіргішіне қатысты нұсқаулар
Кір жуғыш машинаның үш бөліктен тұратын үлестіргіші бар: сол жақ бөлігі негізгі жуу циклына, ортаңғысы
мата жұмсартқышқа, оң жағындағысы алдын ала жуу циклына арналған.
A
1. Алдын ала жууға арналған бөлік: Алдын ала
жуғыш затты немесе крахмалды салыңыз.
2. Негізгі жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлік: Негізгі жуу циклына арналған жуғыш затты,
су жұмсартқышты, алдын ала жұмсартқыш затты,
ағартқыш және/немесе дақ кетіргішті салыңыз.
3. Жұмсартқыш затқа арналған бөлік: Мата
жұмсартқыш тәрізді қоспадан қосыңыз. Макс.
сызығынан (A) аспаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда, жуғыш зат үлестіргішін ашпаңыз.
Келесі жуғыш заттарды қолданбаңыз.
- Таблетка және капсул ішіндегі жуғыш зат
- Шарик немесе торға салынған
Бөлік бітеліп қалмау үшін концентрацияланған немесе қою заттарды (мата жұмсартқыштарды немесе
жуғыш затты) су қосып сұйылтып алу керек.
Кешірек аяқтау циклы таңдалғанда, жуғыш затты барабанға тура салмаңыз. Себебі, кірдің түсі оңып кетуі
мүмкін. Кешірек аяқтау таңдалғанда жуғыш зат тартпасын пайдаланыңыз.
Барабанды тазалау үшін ешбір жуғыш зат пайдаланбаңыз. Барабанда қалған химиялық заттардың
қалдықтары жууға тиімділігіне әсер етеді.
Мата жұмсартқышын жұмыс бетіне немесе басқару панеліне төгіп алмау үшін абай болыңыз.
Untitled-14 32 2022-02-16  7:15:37

Содержание

Скачать