Samsung WW90A6S44AE/LD [134/220] Ақаулықты түзету

Samsung WW90A6S44AE/LD [134/220] Ақаулықты түзету
Қазақ
Ақаулықты түзету
Қазақ58
Ақаулық Әрекет
Қатты дірілдейді
немесе шуыл
шығарады.
Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін
реттеу үшін реттегіш тіректерді пайдаланыңыз.
Тасымал болттарының алынғанын тексеріңіз.
Кір жуғыш машинаның басқа ешбір затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
Темірден жасалған заттармен безендірілген жұмыс комбинизондары
немесе киімдерден жуу барысында шуыл шығуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін осы
заттарды барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.
Кірді қайта таратып салыңыз. Бір ғана кірді, мысалы монша халатын
немесе джинс шалбарды жуу қажет болса, соңғы айналдыру нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы мүмкін және дисплейде Барабанның теңгерімсіз
жүктемесітексеру хабары пайда болады.
Суды төкпейді
және/немесе
айналдырмайды.
Су төгетін түтіктің су төгетін құбырға дейін тура қосылып тұрғанына көз
жеткізіңіз. Су төгуге кедергі келсе, қызмет көрсету орталығына қоңырау
шалыңыз.
Қоқыс сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Есікті жабыңыз да, түймесін басып тұрыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін кір жуғыш машина есік
жабылмайынша кептірмейді немесе айналдырмайды.
Су төгетін түтіктің мұздап немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктің кептеліп қалмаған құбырға жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Егер кір жуғыш машинаға ток жеткіліксіз мөлшерде берілсе, кір жуғыш
машина уақытша су төкпейді немесе айналдырмайды. Кір жуғыш машинаға
тоқ жеткілікті беріле бастаған кезде ол қалыпты жұмыс істейді.
Су төгетін түтіктің қосылым түріне қарай дұрыс төселіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қоқыс сүзгісін тазалаңыз, бітеліп қалған болуы мүмкін.
Есік ашылмайды.
Кір жуғыш машинаны тоқтату үшін түймесін басып тұрыңыз.
Есік бекітпесінің механизмі ашылғанша шамалы уақыт қажет болуы мүмкін.
Машина тоқтағаннан кейін немесе ток сөнгеннен кейін 3 минут өтпейінше,
машинаның есігі ашылмайды.
Барабан ішіндегі судың әбден төгілгеніне көз жеткізіңіз.
Барабан ішінде су бар болса есік ашылмауы мүмкін. Барабанның ішіндегі
суды төгіп, есікті қолмен ашыңыз.
Есік бекітпесінің индикаторының сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш
машинаның суы төгілгеннен кейін есік бекітпеснің шамы сөнеді.
Untitled-14 58 2022-02-16  7:15:42

Содержание

Скачать