Samsung WW90A6S44AE/LD [92/220] Орнатуға қойылатын талаптар

Samsung WW90A6S44AE/LD [92/220] Орнатуға қойылатын талаптар
Қазақ
Орнату
Қазақ16
Орнатуға қойылатын талаптар
Электр қосылымы және жерге қосу
Кір жуғыш машинаға арналған жеке айырып-
қосқышты қолданыңыз.
Кір жуғыш машинаңыз, жерге дұрыс тұйықтау
үшін жерге дұрыс қосылған розеткаға сұғуға
арналған, үш істікшелі жерге қосылатын ашамен
жабдықталған.
Жерге тұйықтауға қатысты күмәніңіз болса, білікті
электршіге немесе қызмет көрсету технигіне
хабарласыңыз.
Жинақпен берілген ашаға өзгеріс енгізбеңіз. Егер
ол розеткаға сәйкес келмесе, дұрыс розетка орнату
үшін білікті электршіні шақырыңыз.
ЕСКЕРТУ
Ұзартқыш сымды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілетін қорек
сымын ғана пайдаланыңыз.
Жерге қосылатын сымды ешқашан пластик
құбыр жүйесіне, газ жүйесіне не ыстық су
құбырына ЖАЛҒАМАҢЫЗ.
Жерге дұрыс тұйықталмаған өткізгіштер электр
тоғын өткізуі мүмкін.
Сумен жабдықтау
Осы машинаға сай келетін су қысымы 50 кПа
және 800 кПа арасында. Судың қысымы 50 кПа-
дан төмен болса, су клапаны жабылмай қалуы
немесе барабанға су ұзақ құйылып, нәтижесінде
кір жуатын машина сөніп қалуы мүмкін. Су
шүмектеріне машинамен бірге жеткізілген су
құятын түтіктер жетуі үшін кір жуғыш машинаның
арт жағынан 120см-ден қашық емес жерде
орналасуға тиіс.
Су жылыстап ағу қаупін азайту үшін:
Су шүмектеріне қол оңай жететініне көз
жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде
шүмектерді жауып қойыңыз.
Су құятын түтік фитинглерінен су жылыстап
ағып тұрмағанын уақытылы тексеріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны ең алғаш пайдалану
алдында, су клапанындағы және шүмектердегі
барлық қосылымдарды тексеріп, су ағып
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Суды төгу
Samsung биіктігі 60-90 см тік құбырды
пайдалануды ұсынады. Су төгетін түтікті түтік
қапсырмасынан өткізіп, тік құбырға қосу керек
және тік құбыр су төгетін түтікті толығымен жауып
тұруы керек.
Untitled-14 16 2022-02-16  7:15:32

Содержание

Скачать