Samsung WW90A6S44AE/LD [136/220] Ақаулықты түзету

Samsung WW90A6S44AE/LD [136/220] Ақаулықты түзету
Қазақ
Ақаулықты түзету
Қазақ60
Ақаулық Әрекет
Құйылатын судың
температурасы теріс.
Екі шүмекті де толық ашыңыз.
Температураның дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Түтіктердің дұрыс шүмектерге қосылғанына көз жеткізіңіз. Су құбырларын
шайыңыз.
Су қыздырғыштың кемінде шүмектен 49 °C ыстық су құятын етіп
бапталғанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, су қыздырғыштың қуаты мен
су толтыру жылдамдығын тексеріңіз.
Түтіктерді ағытып, тор сүзгіні тазалаңыз. Тор сүзгісі кептеліп қалған болуы
мүмкін.
Кір жуғыш машинаға су құйыла бастағанда, температураны автоматты
түрде басқару функциясы құйылып жатқан судың температурасын
тексеретін болғандықтан, судың температурасы өзгеруі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай.
Кір жуғыш машинаға су құйылып жатқанда, суық немесе жылы
температура таңдалып тұрса, үлестіргіштен тек ыстық және/немесе тек суық
судың ағып жатқанын байқауыңыз мүмкін. Бұл температураны автоматты
түрде басқаратын режимнің қалыпты функциясы, себебі кір жуғыш машина
судың температурасын анықтайды.
Цикл соңында кір
дымқыл болып тұр.
Жоғары немесе өте жылдам айналдыру жылдамдығын пайдаланыңыз.
Қатты көпіршімес үшін өте тиімді (HE) жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тым аз кір салынған. Өте аз кір салған кезде (бір немесе екі зат)
теңгерімсіздік байқалып, толық айналмауы мүмкін.
Су төгетін түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су жылыстап ағады.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Барлық түтіктердің берік жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтік ұшының ақаба су жүйесіне дұрыс кіргізіліп, бекітілгенін
тексеріңіз.
Өте көп кір салмаңыз.
Қатты көпіршуге жол бермеу үшін тиімділігі өте жоғары (HE) жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су төгетін түтікті тексеріңіз.
- Су төгетін түтік ұшының еденде жатпағанына көз жеткізіңіз.
- Су төгетін түтіктің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Иіс шығады.
Артық көпіршіктер ұяшықтарға жиналып қалып, зең иісі пайда болуы
мүмкін.
Уақытылы зарарсыздандыру үшін шаю циклдарын орындаңыз.
Есіктің тығыздағышын (диафрагмасы) тазалаңыз.
Цикл аяқталғаннан кейін кір жуғыш машинаның ішін кептіріңіз.
Untitled-14 60 2022-02-16  7:15:42

Содержание

Скачать