Samsung WW90A6S44AE/LD [94/220] Орнату қадамдары

Samsung WW90A6S44AE/LD [94/220] Орнату қадамдары
Қазақ
Орнату
Қазақ18
Орнату қадамдары
ҚАДАМ: 1 Орын таңдау
Орынға қойылатын талаптар:
Кілем төселмеген, желдетуге кедергі келтірмейтін қатты, тегіс еден
Күн сәулесі тура түсетін жерден алыс
Желдетуге және электр сымдарын төсеуге ыңғайлы бөлме
Қоршаған орта температурасы әрқашан мұз қату температурасынан (0 °C) жоғары
Қызу көзінен алыс
ЕСКЕРІМ
Кір жуғыш машинаны пайдалану барысында шамадан тыс діріл пайда болмау үшін, оның орнықты
орнатылуына барынша назар аударыңыз.
Кір жуғыш машинаңызды орнықты және тегіс бетке орнатыңыз.
Кір жуғыш машинаны жұмсақ едендерге немесе еден төсеніштерінің үстіне орнатпаңыз.
Кір жуғыш машинаны ағаш еденге орнатсаңыз, еден үстіне суға төзімді ағаш панельді (қалыңдығы
кемінде 1,18 дюйм / 30 мм) орнатыңыз. Сонымен қатар, кір жуғыш машинаны ағаш еденнің бұрышына
орнатуды ұсынамыз.
ҚАДАМ: 2 Тасымалдау болттарын алу
Өнімнің орамын ашып, тасымалдау тетіктерін алыңыз.
ЕСКЕРІМ
Жинақпен берілген тасымалдау болттары үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Орам материалдарының барлығын (пластик
қалталар, полистирол, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жарақаттанып қалмау үшін, тасымалдау болттарын алған соң, болт қақпақтарымен тесіктерді жабыңыз.
Тасымалдау болттары орнында болмаса, кір жуғыш машинаны қозғамаңыз. Кір жуғыш машинаны басқа
орынға апармас бұрын тасымалдау болттарын жинақтаңыз. Тасымалдау болттарын кейін пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Untitled-14 18 2022-02-16  7:15:32

Содержание

Скачать