Samsung WW90A6S44AE/LD [120/220] Жүйе функциялары

Samsung WW90A6S44AE/LD [120/220] Жүйе функциялары
Қазақ
Іске пайдалану
Қазақ44
Жүйе функциялары
Жүйе функцияларын пайдалану
1. түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
2. Шарлау тетігі бұрап, қажетті жүйе функциясын таңдаңыз да, содан кейін түймесін түртіңіз.
3. Таңдаған функция параметрлерін өзгерту немесе функцияны бастау үшін түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ
Негізгі экранға қайту үшін түймесін қайта басыңыз немесе Шарлау тетігі бұрап, Артқа пәрменін басыңыз
да, түймесін түртіңіз.
ЖИ Үлгілері
Бұл функция жиі пайдаланылатын циклдар мен параметрлерді сақтайды. Функцияны қоссаңыз, кір жуғыш
машина ең жиі қолданатын циклдарыңыз бен параметрлеріңізді (температура, шаю, айналдыру), олардың
қолданылу жиіліктерінің ретіне сай жадыға сақтайды.
1. түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
2. Шарлау тетігі бұрап, ЖИ Үлгілері параметрін таңдаңыз да, түймесін түртіңіз.
3. түймесін түртіп, Қосу немесе Өшіру түймесін түртіңіз.
- Әдетте Қосу қалпында тұрады. Бұл функцияны пайдаланғыңыз келмесе, Өшіру қалпына қойыңыз.
- Функцияны сөндірсеңіз, барлық сақталған деректер бастапқы қалыптарына қайтарылады.
Дабыл
Сізге циклдің аяқталғандағын білдіретін әуенді қосуға немесе өшіруге болады. Дегенмен, басқа сигналдар
белсенді тұрады.
1. түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
2. Шарлау тетігі бұрап, Дабыл функциясын таңдаңыз да, түймесін түртіңіз.
3. түймесін түртіп, Қосу немесе Өшіру түймесін түртіңіз.
- Әдетте Қосу қалпында тұрады.
ЕСКЕРІМ
Бұл параметр кір жуғыш машинаны қайта қоссаңыз да, сол қалпы сақталады.
Калибрлеу
Салмақты барынша дәл анықтау үшін калибрлеу функциясын қосуға болады.
1. түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
2. Шарлау тетігі бұрап, Калибрлеу функциясын таңдаңыз да, түймесін түртіңіз.
- Есік дұрыс жабылмаса, калибрлеу функциясы қосылмайды.
- Барабан шамамен 3 минут бойы сағат тілінің бағытымен және оған қарсы айналады.
3. Калибрлеу аяқталған кезде дисплейде “Калибрлеу аяқталды” деген хабар пайда болады да, кір жуғыш
машина автоматты түрде сөнеді.
Untitled-14 44 2022-02-16  7:15:40

Содержание

Скачать