Samsung WW90A6S44AE/LD [132/220] Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтіп ұстау

Samsung WW90A6S44AE/LD [132/220] Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтіп ұстау
Қазақ
Күтім көрсету
Қазақ56
ЕСКЕРІМ
Қалған жуғыш затты тазалау үшін барабан бос тұрған кезде Шаю+Айналдыру циклын орындаңыз.
Кір жуғыш машинаның мұзын жібіту
Кір жуғыш машина 0 °C градустан төмендегенде мұздап қалуы мүмкін.
1. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.
2. Су түтігін жібіту үшін, шүмектің үстінен жылы су құйыңыз.
3. Су түтігін ағытып, жылы суға салып жібітіп қойыңыз.
4. Барабанға жылы су құйып, шамамен 10 минут қоя тұрыңыз.
5. Су түтігін судың шүмегіне қайта жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ
Кір жуғыш машина сонда да дұрыс жұмыс істемесе, жоғарыдағы қадамдарды машина қалыпты жұмыс
істегенше қайталаңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтіп ұстау
Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт пайдаланбай қалдырмауға тырысыңыз. Бұндай жағдайда, кір жуғыш
машинаның суын төгіп, қуат сымын ағытыңыз.
1. Шарлау тетігі бұрап, Шаю+Айналдыру циклын таңдаңыз.
2. Барабанды босатыңыз да, түймесін басып тұрыңыз.
3. Цикл аяқталған кезде су шүмегін жауып, су түтігін ағытыңыз.
4. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.
5. Барабанның ішін желдету үшін есікті ашыңыз.
Untitled-14 56 2022-02-16  7:15:42

Содержание

Скачать