Elica NIKOLATESLA BL/A/83 [340/468] Ескертулер

Elica NIKOLATESLA BL/A/83 [340/468] Ескертулер
338
KK - Монтаждау мен пайдалану нұсқауы
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды
қатаң қадағалаңыз. Өндіруші осы
нұсқаулықтағы нұсқауларды орындамау
салдарынан туындаған ақаулар, зақымдар
немесе өрт үшін ешбір жауапкершілікті мойнына
алмайды. Бұл құрылғы тек үй жағдайында
тамақ пісіру үшін пайдалануға арналған және
тамақ пісіру кезінде түтінді сорып алады. Басқа
мақсаттарда пайдалануға болмайды (мысалы,
бөлмені жылыту үшін). Өндіруші осы өнімді
дұрыс пайдаланбау немесе дұрыс баптамаудан
туындайтын жауапкершілікті мойнына алмайды.
Өнім осы оқулықтағы суреттерде
берілгеннен өзгеше эстетикалық
функцияларға ие болуы мүмкін, алайда,
жұмыс істеуі, техникалық қызмет көрсету
және орнату бірдей болады.
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: ол орнату,
пайдалану және қауіпсіздік туралы маңызды
ақпаратты қамтиды.
Өнімнің электрлік жүйесін өзгертпеңіз
Құрылғыны орнатпас бұрын, оның ешбір бөлігінің
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Болмаса дилерге
хабарласып, орнатуды тоқтатыңыз.
Орнатуды жалғастырмас бұрын құрылғының
бүтіндігіне көз жеткізіңіз. Болмаса дилерге
хабарласып, орнатуды тоқтатыңыз.
Ескертпе: "(*)" таңбасы бар бөліктер тек кейбір
үлгілермен берілетін (басқа жағдайларда
берілмейтін), бірақ сатып алуға болатын
қосымша аксессуарлар болып табылады.
1. Ескертулер
Ескеріңіз! Келесі нұсқауларды
қатаң сақтаңыз: Кез келген
орнату жұмыстарын орындамас
бұрын, құрылғы қуат көзінен
ажыратылуы керек. Орнатуды
немесе жөндеуді өндірушінің
нұсқауларына және жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
білікті маман орындауы керек.
Пайдалану нұсқаулығында
арнайы көрсетілмейінше,
құрылғының ешбір бөлігін
жөндеуге не ауыстыруға
болмайды. Заң бойынша,
құрылғы жерге қосылуы керек.
Қуат кабелі құрылғыны қуат
көзіне қосуға болатындай ұзын
болуы керек. Орнату
жұмыстары қолданыстағы
қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
келуі үшін, монтаж ережелеріне
сәйкес, кернеу III санаттан асып
кеткен кезде электр қуатының
толық ажыратылуына кепілдік
беретін, қолдануға рұқсат
етілген көп полярлы автоматты
ажыратқыш орнатылуы қажет.
Бірнеше розеткалы ұзартқышты
немесе басқа да ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Орнату аяқталғаннан кейін,
электрлік бөлшектер одан әрі
пайдаланушыға қолжетімді
болмауы керек. Пайдалану
кезінде құрылғы мен оның
қолжетімді бөліктері қызады.
Қыздырушы элементтерді
ұстамаңыз. Балалардың
құрылғымен ойнамауын
қадағалаңыз; балаларды
жақындатпаңыз және олардан
көз алмаңыз, себебі пайдалану
кезінде қолжетімді бөліктер
қатты ысып кетуі мүмкін.
Кардиостимуляторлары мен
қосулы импланттары бар
адамдар индукциялық плитаны
пайдаланбас бұрын
кардиостимуляторларының
құрылғымен үйлесімді екенін
тексеруі керек. Пайдалану
кезінде және одан кейін
құрылғының қыздыру
элементтеріне қол тигізбеңіз.
Плитаның барлық бөліктері
жеткілікті салқындағанша оған
киімдер немесе басқа жанғыш
заттардың тиіп кетуіне жол
бермеңіз, себебі өрт шығуы
мүмкін. Жанғыш затты плита
үстіне немесе жанына
қоймаңыз. Қатты қызған тоң

Содержание

Похожие устройства

Скачать