Vitek VT-8827 [12/24] Қазақша

Vitek VT-8827 [12/24] Қазақша
12
ҚАЗАҚША
Су қайнағаннан кейін, сіз дыбыстық белгі естисіз,
қайнау процесі тоқтайды.
Егер сіз температураны ұстап тұру режимін қосқыңыз
келсе, түймесін Warm басыңыз.
Қосу/өшіру түймесін басу арқылы шайнекті өшіруге
болады, дисплей (6) және сенсорлық түймелердің
жарығы сөнеді. Қосу/өшіру түймесінің жарығы
көмескіленіп жанады.
Температураны ұстап тұру режим орнату
Температураны ұстап тұру режиміне орнату үшін түймені
басыңыз, сіз дыбыстық белгі естисіз, сенсорлық
түймелердің жарығы (7) қосылады. Warm түймесінің артқы
жарығы үнемі жанып тұрады. Түйменің Warm жарығы
жыпылықтай бастайды. Бұл жағдайда дисплейде 40 °C
температура көрсетіледі. «+»/«-» түймелерінің көмегімен
температураны 40-тан 100 °C-қа дейінгі аралықта 5 °C
қадаммен орнатыңыз, оны шайнек температураны ұстап
тұру режимінде ұстайды. 2 сағат бойы шайнек белгіленген
температураны сақтайды. Осы ретте дисплейде (6) судың
температурасы көрсетіледі, сонымен қатар сіз Warm тем-
пературасын ұстап тұру, қосу/өшіру түймелерінің,
сондай-ақ түймелердің «+»/«-» жарықтарын көресіз.
Шайнектегі судың температурасы белгіленген деңгейден
5 градусқа төмендеген кезде, шайнек қыздыру режиміне
өтеді. Қыздыру қосылған кезде Warm түймесінің жарығы
жыпылықтайды. Көрсетілген температураға жеткеннен
кейін сіз дыбыстық сигнал естисіз, Warm түймесінің артқы
жарығы үнемі жанып тұрады.
Егер шайнектегі судың температурасы 8 °С-ден жоғары
болса және шайнек түпқоймадан 10 реттен кем шешіліп
алынған болса, ұстау режимінің белгіленген температу-
расы сақталады.
Температураны сақтау режимін өшіру үшін, Warm түймесін
басыңыз.
Ескертпе: Сіз суды қайнатып, оны 70 °C, 80 °C, 90 °C
температураға дейін, кейіннен температураны
сақтамайтындай етіп, қыздыра аласыз: түймені
басыңыз, сіз дыбыстық белгі естисіз, сенсорлық
түймелердің жарығы (7) қосылады. Егер сіз суды
қайнатқыңыз келсе, Boil түймесін басыңыз, егер сіз суды
70 °C дейін қыздырғыңыз келсе, 70 түймесін басыңыз, 80
түймесін - 80 °C дейін, 90 түймесін - сәйкесінше 90 °C
дейін. Түймелерді басқаннан кейін қайнату немесе қыздыру
процесі басталады, сіз түйменің жарығын, сондай-ақ
таңдалған режимге байланысты Boil, 70, 80 немесе 90
түймелерінің жарығын көресіз. Қайнау/қыздыру процесі
аяқталғаннан кейін сіз дыбыстық белгі естисіз, Boil, 70,
80 немесе 90 түймелерінің жарығы сөнеді, ал 30 секундтан
кейін түйме жарқырамай жанып тұрады.
Сондай-ақ, содан кейін температура сақталмайтындай етіп,
суды белгіленген температураға дейін қыздыра аласыз.
Ол үшін түймені басыңыз, сіз дыбыстық белгі естисіз,
сенсорлық түймелердің жарығы (7) қосылады. Дисплейдегі
Warm түймесін басыңыз, «+»/«-» түймелерін пайдаланып,
температураны 5 °C қадаммен 40-тан 100 °C-қа дейінгі
аралыққа орнатыңыз. Белгіленген температураға жет-
кенде сіз дыбыстық белгі естисіз. Режимді өшіру үшін Warm
түймесін басыңыз. «+»/«-» түймелерінің жарығы сөніп,
30 секундтан кейін түйме жарқырамай жанатын болады.
Шайнекті ажыратқаннан кейін 10-20 секунд күтіңіз,
содан кейін оны суды қайта қайнату үшін қосуға
болады.
Егер сіз шайнекті кездейсоқ қоссаңыз және су деңгейі
минималды деңгейден төмен болса, онда автоматты
термо сақтандырғыш іске қосылады, осы ретте шайнек
өшеді. Бұл жағдайда шайнекті түпқоймадан (8) шешіп
алып, оны 10-15 минут көлемінде суытыңыз, содан
кейін шайнекке су толтырып, қосыңыз, аспап қалыпты
режимде жұмыс істейтін болады.
Ескертпе: Күту режимінде түймесінен басқа, барлық
түймелер белсенді емес. Түймені басқан кезде сіз
дыбыстық белгі естисіз, сенсорлық түймелердің жарығы
(7) қосылады, содан кейін қайнату/қыздыру/температу-
раны ұстап тұруды қосуға болады.
Ескертпе: Түпқойманың (8) кері жағында желілік бауды
орауға арналған орын (9) бар. Желілік сым үшін қолайды
ұзындықты таңдап, оны тиісті орнына орнатыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Тазарту алдында құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз, суды құйып алыңыз да, шайнекті суы-
тып қойыңыз.
Шәйнектің сыртқы беткейін дымқыл матамен немесе
губкамен сүртіңіз. Кірін кетіру үшін жұмсақ тазарту
құралдарын пайдаланыңыз, металл қылшықтар және
абразивты тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Шайнек пен түпқойманы суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз, шайнек пен түпқойманы су
ағынының астында жууға болмайды.
Шайнекті ыдыс-аяқ жуатын машинаға салмаңыз.
Қақты кетіру
Шайнектің ішінде түзілетін қақ, судың дәмдік сапасына
әсер етеді, сондай-ақ су мен қыздырғыш элементтің
арасындағы жылу алмасуды бұзады.
Қақты тазалау үшін шәйнекке суды шамамен 75% тол-
тырып, суды қайнатыңыз. Колбаның қалған төрттен
бір бөлігін сірке суы ерітіндісімен (6-9%) толты-
рып, сұйықтықты түні бойы (шамамен 8 сағатқа)
қалдырыңыз. Таңертең шәйнектегі сірке суы ерітіндісін
төгіп тастап, колбаны бірнеше рет шайыңыз. Шайнекті
бір немесе екі рет кәдімгі сумен толтырып қайнатыңыз,
осылай сірке суының және оның исінің қалдықтарын
шайнегіңізден кетіресіз.
Қажет болғанда тазарту рәсімін қайталаңыз.
Қақты жою үшін электр шәйнектерге арналған арнайы
құралдарды пайдалануға болады.
Шәйнекті үнемі қақтан тазалап отырыңыз.
Назар аударыңыз! Қақты тазаламаудың нәтижесінен
пайда болған құралдың бұзылуына немесе жаңылысуға
кепілдік таралмайды.
САҚТАЛУЫ
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы сақтауға алып қоймас
бұрын, оны электр желіден ажыратыңыз, суын төгіңіз
және құрылғыны суытып қойыңыз.
Шайнекті тазалауды жүргізіңіз.
Желілік шнурды сүйемелдегі (8) шнурды орау орнында
(9) бекітіңіз.
Құрылғыны балалар және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения