Jet JWBS-9X (10000860M) [21/34] Басқа қауіптер

Jet JWBS-9X (10000860M) [21/34] Басқа қауіптер
21Қазақша Ленталы аралы станок JWBS-9X21
Станок жанындағы еденді таза
ұстаңыз, оның бетінде ешқандай
қималар мен майлар болмауы керек.
Қырағы болыңыз!
Өте мұқият болыңыз.
Шектен шықпаңыз.
Денеңіз эргономикалық қалыпта бол-
сын.
Əрдайым теңгерімді қалыпта тұрыңыз.
Егер шаршасаңыз станокта жұмыс
істемеңіз.
Егер сіз ішімдік, есірткі, не дəрі
қабылдаған болсаңыз станокта
жұмыс істемеңіз. Дəрілердің сіздің
мінез құлқыңызға əсер ететінін есте
сақтаңыз.
Жұмыс аймағынан балалар мен бөтен
адамдарды алшық ұстаңыз.
Станок толық тоқтамаса немесе
жұмыс істеп тұрса станоктың ішкі
бөліктеріне қол тигізуге тыйым салы-
нады.
Жұмыс істеушіге станокты қараусыз
қалдыруға тыйым салынады. Жұмыс
орнынан кетпес бұрын құрылғыны
сөндіріңіз.
Станокты тұтанғыш
сұйықтық пен газ
жанында қолданбаңыз.
Өрт туралы хабарлама мен өрт
сөндіру əдістерімен танысыңыз, өрт
сөндіргіш құралдың орны мен жұмыс
істеу қағидаларын зерделеңіз.
Станокты ылғалды ортада жəне
жаңбырдың астында пайдаланбаңыз.
Ағаш қиқымдары өрт төндіру қауіпі
бар жəне денсаулыққа зиянын тигізуі
мүмкін.
Ағаш қиқымдарының кейбір
түрлері, атап айтқанда, тропикалық
ағаштардың, сонымен
қатар бүк
жəне емен сияқты қатты ағаштардың
қиқымдары канцерогенді заттар деп
саналады.
Əрқашан шаң жинау үшін тиісті
құрылғыны қолданыңыз.
Өңдеу алдында дайындамадан
шегелер мен басқа да заттарды алып
тастаңыз.
Жіңішке дайындаманың ұштарын
өңдеген кезде əрдайым итергішті
қолданыңыз.
Станоктың жанында пайдаланылмаса
да əрдайым итергіш немесе ұстағыш
дайындап тұрыңыз.
Дайындаманың
ең кіші жəне ең үлкен
өлшемдері бойынша техникалық та-
лаптарды сақтаған жөн.
Станок толық тоқтамайынша ағаш
қиқымдары мен дайындама бөліктерін
алып тастамаңыз.
Қорғаныс қоршаулары жоқ станокпен
жұмыс істеуге тыйым салынады
жарақаттанудың үлкен қауіпі бар.
Станоктың үстіне тұрмаңыз.
Электр құрылғысын қосу жəне жөндеу
тек білікті электриктермен жасалуы
тиіс.
Зақымдалған немесе тозған кабельді
дереу ауыстыру керек.
Станокқа қызмет көрсету мен
баптаудың алдында оны электр
желісінен ажыратқан жөн.
Ақауы бар аралау кенептері дереу
жойылулары керек.
1.3 Басқа қауіптер
Сланокты ережелерге сай қолданған
күннің өзінде кейбір қауіптер
сақталады.
Жұмыс аймағындағы қозғалып тұрған
ара зақым келтіруі мүмкін.
Сынған ара жарақаттауы мүмкін.
Ұшып кеткен дайындама жарақаттауы
мүмкін.
Ағаш қиқымдары денсаулыққа зиян
келтіруі мүмкін. Міндетті түрде
қорғаныс көзілдірігі, естуді қорғау
құралдары, шаңнан қорғайтын тетіктер
секілді жеке қорғаныс заттарын
пайдаланыңыз.
Шаңды
сорудың сəйкес тəсілдерін
пайдаланыңыз.
Электр желісіне дұрыс қосылмау мен
зақымдалған шнур тоқ соғу зардабына
əкелуі мүмкін.
2. Сипаттама
2.1 Техникалық сипаттамалар
Шкивтердің диаметрлері 240 мм
Дайындаманың ең үлкен ені (қаңқауға дейін) 230 мм
Дайындаманың ең үлкен биіктігі 80 мм
Аралау кенебінің өлшемі 1575х6,3 х0,35 мм-
6TPI
Аралау кенебінің ені 3-10 мм
Аралау кенебінің жуандығы 0,3-0,4 мм
Кесу жылдамдығы 660 м /мин
Үстел өлшемі (Д/Ш) мм
Үстел көлбеуінің ауқымы 0°-45°
Тарту штуцерінің диаметрі 53 мм
Габаритті өлшем (ШхГхВ) 520х500х740 мм
Салмағы 20 кг
Электр қоректену 220 В – 1 L/N 50-60 Гц
Шығыс қуаты 350B S1
Tоғы 1,6 А
Ұзартқыш (H07 RN -F) 3х1,5 мм
2
Сақтандырғыш 10 А
Станоктың галогенді шамы 12В 21Ватт
Ескерту
Осы нұсқаулықтың спецификациясы
жалпы ақпарат болып табылады.
Шығарушы станоктар құрылымына
өзгерістер енгізу құқығына ие,
бұл құрылғының техникалық
сипаттамасының, оның стандартты
жиынтығының, қосымша бөлшектері
мен сыртқы түрінің өзгеруіне əкеледі.
Сатып алушы құрылғыны баптау, рет-
теу, дайындау, техникалық қызметтерін
өзі жүзеге асырады.
2.2 Дыбыстық эмиссия
(Жол берілетін ауытқушылық 4дБ)
Буктан жасалған сыналатын
дайындаманың өлшемі: 20мм
Дыбыс күшінің деңгейі (EN ISO 3746
сəйкес)
Бос жүріс: LwA 80 дБ(А)
Жұмыстық жүріс: LwA 93.6 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі (EN ISO
11202 сəйкес)
Бос жүріс: LpA 74.7 дБ(А)
Жұмыстық жүріс: LpA 87.2 дБ(А)
Келтірілген мəндер шығатын дыбыс
деңгейіне қатысты жəне қауіпсіз жұмыс
істеу үшін қажетті болып табылмайды.
Осы
ақпарат операторға қауіпті
төмендетуге мүмкіндік береді.
2.3 Жеткізілетін жиынтық
Жұмыс үстелі
Тірек
Көлбеу шкаласы
Станоктың шамы
Тартатын штуцер Ø 57 мм
Жиынтыққа арналған комплект
Ленталы кенеп
Қосалқы тірек
Пайдалану бойынша нұсқаулық
Бөлшектердің тізімі
3.4 Cтаноктың сипаттамасы
Сур. 1
A - Кенептің созылуын реттейтін тұтқа
B - Үстіңгі бақылау терезесі
C - Кенептің үстіңгі бағыттаушысының
реттегіш тұтқасы
D - Жарықшам
E - Араның жоғарғы қорғаныс қоршауы
F - Тірек
G - Ленталы кенеп
H - Көлбеу шкаласы
I - Кенепті тарту иінтірегі
J - Үстел
K - Ара жүрісін реттеу тұтқасы
L - Кенеп бағыттаушысының бекіткіші
M - Қосу/ сөндіру тетігі

Содержание

Похожие устройства

Скачать