Jet JWBS-9X (10000860M) [23/34] Электр желісіне қосу

Jet JWBS-9X (10000860M) [23/34] Электр желісіне қосу
23Қазақша Ленталы аралы станок JWBS-9X23
Сур. 8
Назар аударыңыз!
Ешқашан көлбеу мен тіректі бір
мезгілде қолданбаңыз. Аралау
кенебі дайындамада қысылып
қалуы мүмкін. Оператор жарақат
алуы мүмкін немесе кенеп
зақымдануы мүмкін.
3.3 Электр желісіне қосу
Станоктың электр кабелі жəне кез
келген ұзартқыштар келесі нормаларға
сай келетін болуы керек:
Желінің кернеуі құрылғы
тақтайшасындағы талаптарға сай
болуы шарт.
Электрқосылуда 10 А ға қорғаныс
сақтандырғыштар болу керек.
Тек H07RN-F маркалы желілік сымды
қолданыңыз.
Электр желісіне қосу жəне жөндеу
жұмыстарын жүргізу тек білікті элек-
трик мамандарға ғана рұқсат етіледі.
3.4 Тарту құрылғысына қосу
Жұмыс бастамас бұрын станок
тартқыш құрылғыға қосылуы керек.
Тартқыш құрылғы станокты іске қосқан
кезде автоматты түрде іске қосылуы
керек (сур. 9).
Сур. 9
3.5 Іске қосу
Станок жасыл тетікті басу арқылы іске
қосылады.
Станок жарықшамы қозғалтқыш іске
қосылған сəтте автоматты түрде
қосылады.
Қызыл тетік станок жұмысын
тоқтатады.
4. Станокта жұмыс істеу
Дұрыс жұмыс жағдайы
Станокқа қарама қарсы аралау
бағытында тұрған жөн.
Дайындаманы өңдеу:
Қолдарыңызды дайындама үстіне
кесу аймағынан шеткі жағына
орналастырыңыз.
Дайындаманы ленталы кенептің
бағытына қарай қозғаңыз жəне дай-
ындаманы айналдыра отырып кесу
сызығының бойымен жүргізіңіз.
Дайындаманы тоқтамастан алдыға
қарай жылжытыңыз; кесуді бір ғана
қимылмен аяқтаңыз.
Дайындаманы кері тартпаңыз
, себебі
аралау кенебі бағыттаушылардан
тайып кетуі мүмкін.
Ұзын жəне жалпақ дайындамаларды
станокқа орналастыру үшін аунақшалы
тіректер қолданыңыз.
Станокпен жұмыс жасауға
кеңестер:
Тек өткір жəне түзетілген аралармен
жұмыс істеңіз.
Кесу аймағының маңайында дай-
ындаманы беру үшін итергіш
пайдаланыңыз.
Кішкентай жəне жіңішке дайында-
маларды беру үшін арнайы итергіш
қолданыңыз.
Кесу күшінің əсерінен дайындама
домалап кетпес үшін арнайы сына
қолданыңыз.
Станоктың мақұлдаған пайда-
лануы үшін «Қауіпсіз қолдану» А
қосымшасын (осы нұсқаулықтың соңғы
беттерінде берілген) оқып алған жөн.
A.1.: Терең аралауларды жасау
А.2.: Диогональды аралауды жүзеге
асыру
А.3.: Кертіктерді аралау
А.4.: Сыналарды аралау
А.5.: Доға бойынша кесу
А.6.: Арканы аралап кесу
А.7.: Үлгі бойынша аралау
А.8.: Дөңгелек кесулерді жасау
А.8.1 Дайындамасыз баптау
жұмыстарын жүргізіңіз
А.8.2 Дайындаманы орнатыңыз
А.8.3 Өңдеуді бастаңыз
5. Бекіту жəне бапқа келтіру
Ескертпе:
Бекіту мен бапқа келтіру жұмыстарын
тек станокты электр желісінен ағытқан
соң жасауға рұқсат беріледі (ашаны
розеткадан алып тастаңыз).
5.1 Аралау таспасын ауыстыру
Аралау таспасы техникалық
талаптарға сай болуы керек.
Жұмыстың дəл осы түрі мен осы
дайындамаға сай келетін кенеп таңдап
алыңыз.
Биік дайындамаларды ұзына бойы
аралау үшін: ірі тістері бар жалпақ
аралар қолданыңыз (мысалы, 10 мм)
Жіңішке қисық сызықты аралау үшін
жіңішке аралар қолданыңыз. (мысалы,
3 мм)
Орнатпас бұрын кенептің ақауларын
тексеріп
алыңыз (жарықтар,
сынған тістер, майысқан жерлер).
Түзетілмеген араны қолданбаңыз.
Араның тістері аралау бағыты бойын-
ша орналасуы керек. (астына қарай)
Аралау лентасын орнатқанда
қолыңызға əрдайым қолғап киіңіз.
Аралау кенебін тек қана станокты
электр желісінен алып тастағасын
ауыстыруға болады!
5.2 Аралау кенебін қалай жинап
қаттауға болады
Кенепті бір қолыңызда ұстаңыз.
Кенеп тігінен салбырап тұруы керек,
кенепті еденде аяғыңызбен ұстап
тұрыңыз.
Кенепті еденге қалай қаттап
жатқаныңызға орай қолыңызбен 360°
(толық айналым) бұрылыс жасаңыз.
5.3 Кенеп жүрісін реттеу
Назар аударыңыз!
Іске қосылып тұрған станоктағы
кенеп жүрісін реттеуге тыйым
салынады.
Станокты электр желісінен
ажыратыңыз.
Аралау кенебінің жүрісін тексеру
үішн шкивті сағат тілінің бойымен
қолмен айналдырыңыз. Көрсеткіш
терезісіндегі жүрісті бақылаңыз.
Жетекші жəне көрінетін шкив
тегістелген кезде аралау кенебінің
жүрісі де дұрысталады.
Қаңқаның артқы бөлігіндегі реттегіш
тұтқа жоғарғы шкивтің көлбеу
бұрышын өлшеу мен ленталы араның
жетекші шкивін тегістеу үшін пайдала-
нылады
.
Егер ара станок корпусының шетіне
қарай қозғалса, тұтқаны сағат тілінің
бойымен бұрыңыз. Егер ара станок
корпусына қарай қозғалса, тұтқаны
сағат тілінің бойына қарсы бұрыңыз.
Ара қозғалысы ретке келген кезде,
сомынды тартып, баптауды белгілеп
қойыңыз. Сур. 10 жəне сур. 13
қараңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать