Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [124/240] Ескерту микротолқын функциясына ғана қатысты

Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [124/240] Ескерту микротолқын функциясына ғана қатысты

 Егер есік немесе есік тығыздағыштарына нұқсан келсе,
микротолқынды пешті уәкілетті техник маман жөндегенше іске
қосуға болмайды.
 Микротолқын қуатынан қорғайтын қақпақты алуды қажет
ететін жөндеу немесе техникалық күтім көрсету жұмыстарын, білікті
маманнан басқа адамдар жүзеге асырса, бұл олар үшін қатерлі.
Бұл үйде қолдануға ғана арналған құрылғы.
 Балаларға пешті дұрыс қолданбағанда қатерлі
жағдайлардың орын алатындығын түсіндіріп, оларға тиісті
нұсқаулар бергеннен кейін микротолқынды пешті қауіпсіз қолдана
алса ғана, ешкімнің қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз.
 Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар
ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған
немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не
қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі
жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.
Тазалау күтім көрсету жұмыстарын балалар 8 жастан асса және
ересектердің қадағалауында болса ғана іске асыра алады.
Микротолқынды пештерде қолдануға жарамды ыдыс-аяқтарды ғана
қолданыңыз.
Тағамды пластик немесе қағаз сауыттарға салып қыздырған кезде,
пештен көз алмаңыз, себебі бұлар тұтап кетуі мүмкін.
Бұл микротолқынды пеш тағам және сусын ысытуға арналған.
Тағам немесе киім кептіру және жылытқыш төсеніштерді, аяқ
киімдерді, жөкелерді, дымқыл киімдерді немесе сол сияқты
заттарды кептіргенде, жарақат алу немесе өрт шығу қаупі бар.
Егер түтін шықса, құрылғыны сөндіріңіз немесе тоқтан ағытыңыз
және жалынды басу үшін есікті ашпаңыз.

NQ50H5533KS_WT_DE68-04306L-00_KK.indd 4 2014-10-16  3:12:38

Содержание

Похожие устройства