Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [141/240] Қыздыру жолдары

Samsung NQ 50 H 5533 KS/WT [141/240] Қыздыру жолдары


пешті іске пайдалану

Келесі кестеде осы пешке орнатылған әр түрлі қыздыру режимдері мен параметрлерге қысқаша
шолу жасалған. Рецептілеріңіздің барлығы үшін тиісті режим мен параметрдің түсіндірмесі берілген
беттердегі Пісіру нұсқаулығын қолданыңыз.

Тағам пісіру және жібіту үшін микротолқын қуаты қолданылады.
Бұл тағамның түсі мен пішімін өзгертпей, жылдам және тиімді пісіретін режим.
Әр түрлі тағамға сай келу үшін қуат деңгейі мен пісіру уақыты қолдан орнатылады.


Тағам пештің артынан келетін ыстық ауамен қыздырылады. Бұл параметр тағамды
біркелкі қыздырады және кондитер өнімдерін пісіруге тамаша жарайды.
Ұсынылатын температура: 180 °C

Тағам үстіңгі қыздырғыш элемент арқылы қыздырылады.
Ұсынылатын температура: 220 °C


Бұл функция тек қыздыру немесе қызартуды (мысалы, пісірілген макарон) ғана қажет
ететін, сондай-ақ үстіңгі жағын шамалы қызарту үшін аз ғана пісіруді қажет тағамдар
үшін жарамды.
Сонымен қатар, бұл режимді беткі жағын қытырлақ етіп пісіруді қажет ететін, қалың етіп
дайындалған тағам үшін қолдануға болады (мысалы, бөлшектелген тауық еті).

Бұл функция ет пен құс етінің барлық түрлері, сонымен қатар, бұқтырылған және гратин
тағамдары, қопсыма торттар және жеміс торттары, бәліштер және қуырылған көкөністер,
қуырылған сиыр және тауық еттері үшін жарамды.


15 алдын ала бағдарламаланған автоматты пісіру параметрлерінің ішінен ыңғайлысын
таңдауға болады. Уақыт пен температура автоматты түрде орнатылады.
Қажетті бағдарламаны таңдап, тағамды өлшеп, автоматты түрде пісіруді бастаңыз.
(Автоматты мәзір режимі таңдалғанда дисплейде "A" пайда болады)

10 алдын ала бағдарламаланған автоматты пісіру параметрлерінің ішінен ыңғайлысын
таңдауға болады. Уақыт пен температура автоматты түрде орнатылады.
Бағдарламаны таңдап, тағамды өлшеңіз де, жылдам пісіруді бастаңыз.
(Көкөніс режимі таңдалғанда дисплейде "U" пайда болады)
NQ50H5533KS_WT_DE68-04306L-00_KK.indd 21 2014-10-16  3:12:48

Содержание

Похожие устройства